Қорытынды аттестаттау және ҰБТ ережелерімен таныстыру. » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қорытынды аттестаттау және ҰБТ ережелерімен таныстыру.
22
февраль
2022

Қорытынды аттестаттау және ҰБТ ережелерімен таныстыру.

№1 Жамбыл атындағы орта мектебі
2021 - 2022 оқу жылы
Бақбақты ауылы 17 қыркүйек 2021 ж

11 сынып ата-аналары жиналысы
Хаттама №1
Қатысқаны: мектеп әкімшілігі, ата-аналар

Күн тәртібінде:
1. ҰБТ-2021 қорытындысымен таныстыру.
2. Қорытынды аттестаттау және ҰБТ ережелерімен таныстыру.

Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрқат А.Н. 2020-2021 оқу жылындағы ҰБТ қорытындысымен таныстырды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектеп директоры Б.М.Қамзина сөз сөйлеп, қорытынды аттестаттау және Ұлттық бірыңғай тестілеу ережелерімен таныстырды. ҰБТ-леу ақылы байқау тестілерін тапсыру ерікті екендігін атап өтті. Ата-аналар өздерінің шешімдерімен ақылы түрде байқау тесттерін қағаз және онлаин түрінде тапсыруларына болатындығы айтылды. Ата-аналар тарапынан қазіргі таңдағы сұранысқа ие мамандықтар, ҰБТ –ге қатысу және қандай жағдайда қатыспау, ЖОО және колледжге түсу жолдары туралы сұрақтар қойылды. Нұсқаулыққа сәйкес жауап берілді. Қыркүйек айынан бастап оқушыларды қосымша сабақ кестесі бойынша қорытынды аттестаттауға дайындық болатындығы туралы айтылды. 11 сынып оқушыларын оқулықпен және оқу құралдарымен қамтамасыз ету, дайындыққа уақытысымен қатысу сияқты сұрақтар қаралды.
Амиркулова Сандуғаш /ата-ана/
Балаларымыз ЖОО түсу үшін ҰБТ қатысуы тиіс. Балаларымыздың білімін жетілдіру мақсатында ҰБТ дайындық кітапшаларын алуға, қосымша дайындықтарға жіберіп отыруға, ақылы байқау тестін тапсыруға қарсы емеспіз.
Жолдыбаева Айжан /ата-ана/
Менің алдыңғы балаларымда ҰБТ сынағын тапсырған. ҰБТ –ге дайындық кезінде ақылы байқау тестінің, дайындық кітапшаларының көмегі бар.



Шешімі:
1. Ақылы байқау тестін тапсыру ата-аналардың өз өтініштері негізінде ғана жүзеге асыру.
2. 11 оқушыларының сабаққа, дайындыққа қатысуын қамтамасыз ету ата-аналарға, қадағалау сынып жетекшілерге жүктеу.

Төрайымы: Қамзина Б.М.

Хатшы: Нұрқат А.Н.


№1 Жамбыл атындағы орта мектебі
2021 - 2022 оқу жылы
Бақбақты ауылы 26 қараша 2021 ж
11 сынып ата-аналары жиналысы
Хаттама №2
Қатысқаны: мектеп әкімшілігі, ата-аналар, сынып жетекшілер
Күн тәртібінде:
1. №1-2 ақылы байқау тестінің қорытындысымен таныстыру.
2. Қаңтар айынды өтетін ҰБТ-ге қатысу ережесімен таныстыру.
3. Мамандықтар тізбесімен таныстыру.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрқат А.Н. оқушылардың ақылы №1-2 байқау тестінің қорытындысымен таныстырды. Математикалық сауаттылық, Қазақстан тарихы пен таңдау пәндерінен білім сапасының төмендігін атап өтілді. Оқушылардың дайындыққа тұрақты қатыспайтындығы айтылды. Атап айтқанда, 11 сынып оқушылары Мұрат Ш, Оразбек Д, Нұрлан Е дайындыққа мүлде қатыспайтындығы айтылғанда, ата-ана баласын қадағалайтынын айтты.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша қаңтар айында ақылы ҰБТ-ді жайлы сөз қозғалды. ҰБТ-дің ақылы болатындығы және тек ақылы бөлімге ғана түсу мүмкіндігі бар екендігі, ата-аналар балаларының ҰБТ-ді өткізу пунктіне өздері жеткізуге тиістігі айтылды. Ата-аналар бұл мәселеге қолдау білдірді.
image
ҰБТ-ге қатысу ерікті екендігі атап өтілді. Жаңа нұсқаулық бойынша ҰБТ-ге 4 рет /наурыз-тамыз/ қатысуға болатындығы айтылды. ЖОО ақылы негізде түсуіне 3 рет, ал, мемлекеттік грантты иеленуіне 2 рет мүмкіндігі бар екендігі баса айтылды. Қаңтар айындағы ҰБТ-ге қатысу ақылы, құны 5640 теңге екендігі айтылды. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін төлемді тестілеуге қатысуға онлайн өтініш беру кезінде банк картасы арқылы немесе Kaspi.kz қосымшасы арқылы онлайн режимде жасайды. Қаңтар-маусым айларындағы ҰБТ-леу өтетін тестілеу орындарының тізімі де таныстырылды.
image
image
Үшінші мәселе бойынша таңдау пәндерінің мамандықтар тізбесі таныстырылды. Пәндер бойынша қанша мамандық таңдай алатындығы айтылды. Түлектеріміздің өңірімізге қажет жол, телекоммуникация, отын-газ саласы, дәнекерлеуші, темір ұстасы сынды мамандықтарды таңдауда басымдық беру керектігі және ЖОО, колледж бітіргеннен кейінгі жұмысқа орналасуы туралы сөз қозғалды.
Шешімі:
1. Оқушылардың ҰБТ-леу мен қорытынды аттестаттау дайындығына қатысуын қамтамасыз ету ата-аналардың жауапкершілігінде қалдыру.
2. Қаңтар айындағы ҰБТ-леуге қатысу оқушының өз өтініші негізінде жүзеге асыру.
Төрайымы: Қамзина Б.М.
Хатшы: Нұрқат А.Н.

№1 Жамбыл атындағы орта мектебі
2020 - 2021 оқу жылы
Бақбақты ауылы 10 ақпан 2022 ж
11 сынып ата-аналары жиналысы
Хаттама №3
Қатысқаны: мектеп әкімшілігі, ата-аналар, 11 сынып оқушылары, сынып жетекшілер
Күн тәртібінде:
1. ҰБТ №3-4 байқау тестінің қорытындысымен таныстыру.
2. Қаңтар айындағы ҰБТ –леу ережелерімен таныстыру.

Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрқат А.Н. оқушылардың №3,4 байқау тестерінің қорытындысымен таныстырды. Мектеп бойынша білім сапасы мен оқу үлгерімінің 0%, орташа баллдың 43-45 екендігі айтылды. Әр оқушыға жеке талдау жасалынды. Ата-аналарға баласының нақты қай пәндер бойынша көмек керек екендігі айтылды. Оқушыларға әлі де болса көмек керек екендігі, дайындықты мақсатты түрде өткізу керектігі де айтылды.
Екінші мәселе бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасар Нұрқат А.Н. 2022 жылы электронды форматта өтетін ҰБТ-дің жаңа нұсқаулығымен, ҰБТ-дің өтініш беру қосымшасын пайдалануға арналған нұсқаулығымен таныстырды.
ҰБТ-дің жаңа форматы бойынша: 5 пәнді 3 міндетті + 2 бейіндік/ тапсыруға 4 сағат/240 минут беріледі. Барлық тест тапсырмалар саны —120. Оқушы өз өтініші негізінде апелляция бере алады.
image
image
image
Тестілеу пәндері Тапсырмалар саны Тапсырмалар формасы



1 блок Математикалық сауаттылық 15 Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс
Оқу сауаттылығы 20 Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс
Қазақстан тарихы 15 Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс
2 блок 1 бейінді пән 25 Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс
10 Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты
2 бейінді пән 25 Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс
10 Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты
5 пән 140
image
Жоғары балл саны: 140
Шекті деңгей балы: Ұлттық ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 65 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл. Басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, ал, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл. Сонымен қатар, әр ЖЖОКБҰ білім беру бағдарламары тобы бойынша өз шекті балын белгілейді. Бейінді пәндер таңдайтын білім беру бағдарламары тобына байланысты таңдалады.
Бейінді пәндер комбинациясы
№ 1 бейінді пән 2 бейінді пән
1 математика физика
2 математика география
3 биология химия
4 биология география
5 шет тілі дүниежүзі тарихы
6 география шет тілі
7 дүниежүзі тарихы құқық негіздері
8 дүниежүзі тарихы география
9 қазақ тілі/орыс тілі қазақ әдебиеті/орыс әдебиеті
10 химия физика
11 шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан

ҰБТ барысындағы ережелерімен таныстырылды:
1. Тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған затпен анықталған тестіленуші сол тестілеуге жіберілмейді.
2. Тестілеу барысында аудиторияда тыйым салынған затпен анықталған тестіленушінің нәтижесі жойылады.
ҰБТ-де тыйым салынған заттарды кіргізуге рұқсат етілмейтіні туралы ата-аналар мен оқушылар алдын-ала ескертіліп, қолхат алынды /қосымша №1, қосымша №2/:
image
- ұялы байланыс құралдары /пейджер, ұялы телефон, планшет/;
- фотоаппарат, ноутбук, плейер, модем /мобильді роутер/;
- радио-электрондық байланыстың кез-келген түрі;
- сымды және сымсыз құлаққап, электронды кітап, электронды қалам, ақпараттық және анықтамалық материал, шпаргалка, оқулық мен әдістемелік әдебиет, калькулятор мен түзету сұйықтығы, т.б.
image
Шешімі:
1. Оқушыларды қосымша дайындықпен қамтамасыз ету ата-аналардың жауапкершілігінде қалдыру.
2. Мамандық таңдауда өз шешімдерін әлі нақтылай алмаған оқушылармен сөйлесу және қорытынды аттестаттауға алдындағы оқушылардың қобалжуларын жеңу жұмыстары мектеп психологы Чокенова С жүктеу.
3. Қорытынды аттестаттауға оқушылардың даярлық барысын қадағалау жұмыстары сынып жетекшілер мен пән мұғалімдеріне жүктеу.
4. ҰБТ-дің жаңа нұсқаулығына сәйкес ҰБТ-ге қатысу ата-аналар мен оқушылардың өз өтініштері негізінде ғана жүзеге асырылсын. Тестілеу орнына апарып-келуде оқушылардың өмір және жол қауіпсіздігіне жауапкершілік өз өтініштері негізінде ата-аналарға жүктелінсін.
5. Осы жұмыстарды ұйымдастыру және басшылық жасау оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрқат А жүктеу.

Төрайымы: Қамзина Б.М.

Хатшы: Нұрқат А.Н.