Хаттама » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
май
2019

Хаттама

Қамқоршылық кеңесінің отырысы
ХАТТАМА №3
15.01.2019
Қатысқандар:
Абдыгулов Ғ.С.-ҚК төрағасы
Қоханбаева З.Қ.-мүшесі
Карибаев Р.- мүшесі
Тұздыбаева Т.- мүшесі
Зорина С.- мүшесі
Алтаева Б.- мүшесі
Закарин М.- мүшесі
Шин Л.П.- мүшесі
Тулегенов Б.- мүшесі
Кушикбаева Т.- мүшесі
Нурбекова А.- мүшесі

Күн тәртібінде:
1. «Қамқорлық» акциясын өткізу жолдары.
Әлеуметтік педагог Р.Найзабекова
2. ҰБТ-ге дайындық барысында атқарылып жатқан шаралар туралы.
Мектеп директоры: Б.Қамзина
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз кезегін мектептің әлеуметтік педагогы Р.Найзабекова сөз алды. Мектепте 10-қаңтар мен 10-ақпан аралығында қамқорлық қайырымдылық акциясы өткізіледі. Акцияға кәсіпкерлер, мекеме қызметкерлері, мектеп ұжымы қатысуы сұралады. Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржыға жартылай жетім, тұлдыр жетім, әлеуметтік жағынан аз қамтылған оқушыларға қыстық киімдер алынып берілді. ЖБМББҚ бөлінген сомма-186333 теңге(жүз сексен алты мың үш жүз отыз үш теңге), киімдер берілген оқушылардың саны-15. Демеушілерден басқа ақша түскен жоқ.
Тыңдалды: мектеп дирекоры Б.Қамзина
2018-2019 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер саны-39. 11ә-сыныбы жаратылыстану-математикалық бағытта оқытылатын-20 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытылатын 11а-сыныбы-7 оқушы. ҰБТ-ге 25 оқушы қатысуға өтініш білдірді. Оның ішіндегі 10 оқушы қаңтар айындағы ҰБТ-ге қатысады. Таңдау пәндері бойынша: математика-география-2, математика-физика-6, тарих-шет тілі-4, қазақ тілі-қазақ әдебиеті-1, тарих-география-2, биология-география-1, химия-биология-9 оқушы таңдап отыр. Қазан-желтоқсан айлары бойынша аудандық №1-4 байқау тесті алынды. Өткізілген тесттерге қорытынды жасалып, мониторингі шығарылып отырды. Тапсырған тесттерінің нәтижесі бойынша төмен көрсеткіш көрсеткен оқушылармен қатемен жұмыстар жүргізіледі. Қорытынды аттестаттау бойынша қосымша сабақтарға кесте жасалынған.
Шешім:
Қамқоршылық кеңесінің шешімі төмендегідей қабылдансын
1. «Қамкорлық» акциясының дұрыс бағытта жүруін мектеп әкімшілігі қадағаласын.
2. Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржының жүйелі жұмсалынуын тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Толыкбаевқа, әлеуметтік педагог Р.Найзабековаға міндеттелінсін
3. Оқушыларды дайындыққа толық қамтамасыз ету жұмыстарына сынып жетекшілерге міндеттелінсін
4. Төмен көрсеткіш көрсеткен оқушылармен және ата-анасымен түсінік жұмыстарын жүргізуді сынып жетекшілер мен мектеп психологтарына жүктелінсін

Қамқоршылық кеңестің төрағасы Ғ.Абдыгулов
Кеңестің хатшысы Т.Тұздыбаева