балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Абайлаңыз, балалар!» атты акцияға байланысты өткізілген жиналыстың кезектен тыс » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Абайлаңыз, балалар!» атты акцияға байланысты өткізілген жиналыстың кезектен тыс
02
май
2022

балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Абайлаңыз, балалар!» атты акцияға байланысты өткізілген жиналыстың кезектен тыс

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ

балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Абайлаңыз, балалар!» атты акцияға байланысты өткізілген жиналыстың кезектен тыс  


№2 Хаттамасы 

28 сәуір  2022 жыл               

Сағат 12:00

Бақбақты ауылы

Мактеп әкімшілігі, сынып жетекшілері- 13

8-11-сынып оқушылары    

Балқаш АПБ-нің ЖПҚБ ЮПТ аға УПИ полиция майоры О.А.Садырбаева



Күн тәртібінде: Құқық бұзушылықтың алдын-алуда, кәмелетке толмаған балалардың құқығы жөнінде, келеңсіз жағдайлардың алдын-алып болдырмаудың жолын қарастыру, АПБ-нің қызметкерлерімен бірігіп атқарылатын жұмыс жоспары бойынша кездесу өткізу, жолда жүру ережелерін сақтау.   


Тыңдалды:    ДТІЖО Толыкбаев Д.Д. 


            Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Мақсатымыз, мектепте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мен қауіпсіздік шараларын жетілдіру. Республика бойынша «Абайлаңыз, балалар!» атты ауқымды акция басталды. Бұл жоба аясында мектеп оқушылары жол жүру ережелерін ғана емес, көшеде өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуді де үйренеді. Осының бәрі АПБ-нің қызметкерлерінің үйретуімен болады. Оқу жылының аяғы, жол қозғалысы қайнаған шақ. Абыр-сабыр. Бұл кезде жаяу жүргіншілердің де қатары артады. Дені-мектеп оқушылары, бүлдіршіндер. «Балалар мектепке келгенге дейін, яғни таңғы сағат 7.30-дан 9.30-ға дейін, сосын 12.30-дан 14.30-ға дейін біз бақылап, қадағалауда ұстаймыз. Кешкі уақытта 17.30-дан 19.30- ға дейін осы мектептердің алдындағы жаяу жүргіншілер жолағы бойында тұрып, оқушылардың қауіпсіздігі үшін қызмет атқарамыз». 


 Балқаш АПБ-нің ЖПҚБ ЮПТ аға УПИ полиция майоры О.А.Садырбаева

 оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға қысқа да, тұжырымды жауаптар беріп,  

 ой-пікірін ортаға салды. 


  1. Жолда жүргенде қандай ережелерді сақтау міндетті?
  2. Аудан бойынша жасөспірімдердің арасында қандай құқық бұзушылықтың түрлері көп тараған?
  3. Қылмыс жасағаны үшін жасөспірімдерге қандай жазалар қолданылады?
  4. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді жазалаудың ерекшеліктері туралы айтып өтсеңіз?
  5. Жасөспірімдер көбінесе қандай қылмыс түрлерін жасайды?
  6. Қазіргі уақытта жасөспірімдердің түнде көшеге шығуы кездеседі, осыған қандай шаралар қолданасыздар?






Балқаш АПБ-нің ЖПҚБ ЮПТ  аға   УПИ полиция  майоры      О.А.Садырбаева


Мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, өз құқығы мен міндетін білмей, басқаның құқығын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырамыз. 



Қаулы:


  1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу және оны болдырмау бағытында іс-шараларын жүргізе отырып, ата-аналар, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер тарапынан жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу, бақылауды күшейту арттырылсын. 
  2. Оқушыларға оқу-тәрбие үрдісінде жағдай жасауда, өмір қауіпсіздігін сақтауда ата-аналар жауапкершілігі арттырылсын. 
  3. Жолда жүру ережелері қатаң сақталсын. 





Мектеп директоры                                            Қамзина Б.М.


                                ДТІЖО                                                            Толыкбаев Д.Д.