«Ұлт тұлғаларының арасында арандатушылық және ұлттық негіздегі қақтығысты болдырмау» туралы АНЫҚТАМА » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлт тұлғаларының арасында арандатушылық және ұлттық негіздегі қақтығысты болдырмау» туралы АНЫҚТАМА
03
май
2022

«Ұлт тұлғаларының арасында арандатушылық және ұлттық негіздегі қақтығысты болдырмау» туралы АНЫҚТАМА



«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» мемлекеттік 

коммуналдық мекемесі бойынша  

«Ұлт тұлғаларының арасында арандатушылық және ұлттық негіздегі қақтығысты болдырмау» туралы 


АНЫҚТАМА 


             №1 Жамбыл орта мектебінде Балқаш АПБ-нің ЖПҚБ ЮПТ аға УПИ полиция майоры О.А.Садырбаевамен бірлесіп 1-11-сыныптар бойынша «Ұлт тұлғаларының арасында арандатушылық және ұлттық негіздегі қақтығысты болдырмау» тақырыбы бойынша оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жүмыстары кезінде мынандай ақпараттар айтылды. Міне, заманында жалпақ дүниені дүр сілкіндірген, Тұран мен Түркістан, Алтай мен Жетісу, Сыр мен Каспий бойы, Кавказ бен Қара теңіз жағалауы, Еуропа мен Таяу Шығыс, Арабия мен Индияға дейін тұлпарларының тұяғы жеткен даңқты ата-бабаларымыздың да көктегені елдің бүтіндігі еді. Қазақтың түтінінің түзу ұшқаны еді. Көптеген қақтығыстар дамушы елдер мен бұрынғы социалистік достастық елдеріне тиесілі еді, ішкі және халықаралық деңгейдегі қақтығыстардың айырмашылығы болмай қалды деген түсінік берілді. Жаһандану жағдайында қақтығыстар кеңейіп кету мүмкіндігімен, экологиялық және әскери апаттар қаупімен әлемдік қауымдастыққа қатер төндіреді. Сондықтан қазіргі кезеңдегі қақтығыстардың шығу тегін, өту барысын, шешу жолдарын анықтау аса маңызды екені айтылды. Сол қауіп-қатердің барлығын жеңу үшін ұлттық санаға ұйыған ұлағатты ұл болу, ал ол үшін қанына тартқан ұлтжанды ұрпақ өсіру – парызымыз. Ұлтжандылықтың, қазақстандық патриотизмнің дәні балабақша мен мектептен, отбасынан нәрлі түрде себілуі керектігі туралы айтылды. «№1Жамбыл атындағы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде ұлт өкілдері арасындағы қақтығыс анықталған жоқ. 





Мектеп директоры                     Б.М.Қамзина