БІЛІМ КҮНІНІҢ салтанатты жиынының өтілуі туралы Хабарлама » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БІЛІМ КҮНІНІҢ салтанатты жиынының өтілуі туралы Хабарлама
01
сентябрь
2023

БІЛІМ КҮНІНІҢ салтанатты жиынының өтілуі туралы Хабарлама

«Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша   білім бөлімі» мемлекеттік   мекемесінің  «№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

2023–2024 оқу жылы


БІЛІМ КҮНІНІҢ салтанатты жиынының  өтілуі   туралы

Хабарлама

      2023  жылдың   1  қыркүйек  күні   «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» 

БІЛІМ КҮНІНІҢ салтанатты жиынының   мектеп  алаңында   өткізілді.

  • Шараның басталуы - сағат 9.00; 
  • Шараның ұзақтығы –   40 – 45 минут.

Мақсаты: Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында білімнің басымдылығы мен маңыздылығын және жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру.

        28.08. күні  мектепішілік лездеме өтті. Лездемеде алдағы жаңа оқу жылының басты мерекесі «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» атты БІЛІМ КҮНІНІҢ іс – шаралар   жоспары барша ұжымға таныстырылып, мектеп директоры тарапынан бекітілді. 9-11 аралығындағы Мектеп Парламенті «Өзін-өзі» басқару мен «Жас Ұлан» ұйымының бір топ белсенді мүшелігінен құралған ұлдары белсенді түрде  атсалысты.  

Алдағы Білім күніне орай, атқарған жұмыстары жайлы атап айтар болсақ. Олар: Сыртқы жұмыстар яғни мектептің білімге қатысты мектеп маңдайшаларына әдемі гүлдер мен қанатты сөздері ілінді. Мектеп алды саптық алаңына Білім күніне қатысты тақырыптар жазылып, әліппе макеті жасалды. Әріптер жазылған кубиктер құрастырылып,  мектеп маңдайшасына көлемді қоңырау ілінді. Салтанатты іс-шараның басты сурет алаңы болып есептелетін тақтайшаға мерекелік банері тұрғызылды. Төбеге әр түсті флажоктар байланды. Айтарлықтай мектеп алды талапқа сай толықтай безендірілді. Бұл жұмыстар 9-11 аралығындағы Мектеп Парламенті «Өзін-өзі» басқару мен «Жас Ұлан» ұйымының бір топ белсенді мүшелігінен құралған ұлдары тарапынан толығымен атқарылып өтті. 

Білім күнінің салтанатты  жиынға Балқаш аудандық кірістер басқармасының басшысы Кибираев Айбол Альмуханбетұлы, Бақбақты ауылдық  округі әкімшілігінің бас маманы Жұмадилов Ғалымжан Есенқұлұлы,  мектеп  директоры Қамзина Бибігүл Мұхамадиқызы, Құлтаева Білімкүл Диханбайқызы, мектеп әкімшілігі, ұстаздар, ата–аналар  қатысты. Салтанатты жиынға қатысқандар:

І аусым, ІІ аусым бойынша 1-11 аралығындағы оқушылар саны-685;

Ата-аналар саны-350;

Ұстаздар саны-100;

Жалпы саны-1235 адамды қамтыды. Салтанатты жиын  барысында мектеп директорына АӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы-Толықбаев Данияр Дәулетұлы баяндама жасады.  Барша қонақтар алдында мектеп мақтанышына айналған Оқушылардың Мектеп Парламенті «Өзін-өзі басқару» ұйымының белсенді оқушылары Саят Анель мен Мұхтар Ердос Мемлекеттік туды көкке көтеріп, Қазақстан  Республикасының  Гимні   орындалы. Ортаға алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1 сынып оқушыларын шақырып, әдемі Әліппе салтанатты түрде қолдарына қошеметпен табыс етілді. Алғашқы   құттықтау сөз  кезегін  мектеп директоры Қамзина Бибігүл Мұхамадиқызына берілді. Салтанатты жиынға арнайы келген қонақтар Балқаш аудандық кірістер басқармасының басшысы Кибираев Айбол Альмуханбетұлы, Бақбақты ауылдық  округі әкімшілігінің бас маманы Жұмадилов Ғалымжан Есенқұлұлы «Білім күніне» арналған құттықтау  сөздерін   сөйледі. Мұзыка пән мұғалімі Балабекова М.Т. жетекшілігімен арнайы дайындаған 1 сынып оқушылары «Білім күніне» арналған жыр шумақтарын оқып, Оқушылардың Мектеп Парламенті «Өзін-өзі басқару» ұйымының Мәдениет және өнер фракциясының белсенді оқушылары Сәрсенбек Нұрай мен Асқар Асылжан жанды дауыста тамаша әуен мен ән айтты. Сонымен қатар алғашқы қоңырау соғу сәті болып ел қуанышына бөленді. Салтанатты жиын кезінде келеңсіз жағдайлар орын алған жоқ. Салтанатты мерекелік жиын жоспарға сәйкес өткізілді. 1 қыркүйек - «Білім күніне» арналған мектепішілік салтанатты жиын соңынан 1 – 11 сынып оқушыларымен «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында бірыңғай   сынып сағаттарын өткізілді. Сынып сағаттары аясында сынып жетекшілер оқушыларға білімге деген ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық, сондай-ақ жаңа оқу жылында рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамыту, достық қарым-қатынас, жауапкершілік пен бір-біріне деген құрметтің маңыздылығы туралы кеңестер берілді. Білім күні қарсаңында атқарылған бір қатар тәрбиелік жұмыстар, ата-аналар мен педагогтар арасында республикалық челледждер, мағыналы бейнероликтер  мектеп Instagram, Facebook парақшаларына жүктелініп, арнайы Хэштекер арқылы жарияланды. Тұрақты оқырмандар мектеп жұмыстарына жақсы пікірлер қалыптастырып, қолдаулар көрсетті.Біріңғай сынып сағаттарына жетекшілер жоспарына жоғарыдағы мақсаттар мен    басты құндылықтарды, міндеттерді   негізге ала отырып, тәрбиелік сағаттарын өз дәрежесінде өткізді. 


«Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің   «№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

2023–2024 оқу жылы

«МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» атты Білім күніне арналған салтанатты жиынның  өтілуі туралы фотоесеп.