1-4 сыныптардың қолданбалы курс, таңдау пәндерінің жүргізілу жағдайына анықтама 2022-2023 оқу жылы » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-4 сыныптардың қолданбалы курс, таңдау пәндерінің жүргізілу жағдайына анықтама 2022-2023 оқу жылы
05
июль
2023

1-4 сыныптардың қолданбалы курс, таңдау пәндерінің жүргізілу жағдайына анықтама 2022-2023 оқу жылы

8 директор жанындағы  кеңеске


«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ

1-4 сыныптардың қолданбалы курс, таңдау пәндерінің

 жүргізілу жағдайына анықтама

2022-2023 оқу жылы

          Мектепішілік өндірістік жоспарға сәйкес мектепішілік №- 20-н бұйрық негізінде (31.03.2023ж) сәуір айының 17-26 аралығында өндірістік жоспар бойынша бастауыш сыныптарда қолданбалы курс, таңдау пәндерінің жүргізілуіне зерделеу өткізілді. 

Зерделеу мақсаты: Бастауыш сыныптардың 2-4 сыныптарында қолданбалы курс, таңдау пәндерінің жүргізілу деңгейін, оқушылардың пәнге қызығушылығы мен белсенділігі, мұғалімдердің сабақта жаңа технологияны қолдану әдіс-тәсілін байқау. 

          Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті – білім алушылардың білімге деген қажеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, жалпы орта білім беретін ұйымдар анықтайтын оқу пәндері мен курстардың жиынтығы. Вариативтік оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының вариативтік компонентіне енетін әрбір оқу курсы бойынша білім, шеберлік және дағды мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат.

          Вариативті курстар – таңдау курстары оқу профилінің құрамына кіретін мектеп немесе оқушы компонентінен алынады. Вариативті курстар негізгі 3 функцияны атқарады: 1. бейінді курстың «құрылымы», мұнда қосымша берілген бейінді курс толықтай тереңдетілген болып саналады (ал ол оқитын мектеп /сынып/ жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын дәстүрлі мектепке айналады); 2. базалық курстардың біреуінің мазмұнын дамытады, оның оқытылуы минималды жалпы білім беретін деңгейде жүзеге асырылады, бұл дегеніміз сабақтас оқу пәндерін тереңдетілген түрде оқытуға немесе таңдалған пәндер бойынша қорытынды аттестацияны тапсыру үшін қосымша дайындық жүргізуге мүмкіндік береді; 3. адам іскерлігінің әр түрлі бағыттары бойынша танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға көмектеседі.

І. Пәндік курстардың негізгі міндеті – базалық оқуға кіретін мектеп пәндері бойынша білімді тереңдету және кеңейту. Мұндай курстардың мысалы ретінде:

2022-2023 оқу жылында Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен   бастауыш  білім  беру   деңгейінің  оқу  пәндері   бойынша  жүргізілетін элективтік курс тақырыптары ұсынылған болатын. Бұл курс тақырыптарын мұғалім өз сыныбындағы білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін, білім деңгейлерін ескеріп, таңдап алуы тиіс. Соған сәйкес мұғалім өзі таңдап алған курстың оқу бағдарламасын жасайды және ол мектептің   әдістемелік  бірлестік  отырысында   талқыланып,  нәтижесінде 

педагогикалық кеңестің шешімімен бекітілуі тиіс. 

           Курс мазмұны білім алушылардың метапәндік құзыреттіліктерін (ғылыми-танымдық,   мәдени-әлеуметтік,   тілдік-коммуникативтік,   ақпараттық-технологиялық)    дамытуға  бағдарланған  заманауи   білім  беру  технологиялары мен ресурстарын ұтымды қолдану арқылы жүзеге асырылады. 

Бастауыш  білім   беру  деңгейінің  оқыту   қазақ  тілінде  жүргізілетін сыныптарында  вариативтік   компоненттің  апталық  оқу   жүктемесінің  жалпы көлемі:

2-сыныпта – 1 сағатты;

3-сыныпта – 1 сағатты;

4-сыныпта – 1 сағатты құрайды.

 «Жаратылыстану жұмбақтары» курсы бастауыш сыныпта оқыту үдерісін жаратылыстану   саласы  бойынша  білім   мен  біліктерді  саналы   түрде  меңгеруі үшін  оқу,   жоба,  зерттеу  іс-әрекеттері   тәсілдерін  меңгеру  арқылы   дербестігін дамытуға,   әлеуметтік-  мәдени  кеңістікте   орнын  таба  білуі   үшін  біліктерді меңгеруге бағыттайды.

 «Жас   зерттеуші»  курсы  білім   алушылардың  қоршаған  ортаны   зерттеуге деген   қызығушылықтарын  ояту,  өз   өмірлерінде  кездесетін  жағдаяттардан шығуға арналған пайдалы  ой   -  тұжырым дағдыларын қалыптастыруға бағыттау және  мұғалімнің  басшылығымен   тәжірибелер  ұйымдастыра  отырып,   әр  бала өзінің  нені   зерттегісі  келетінін,  қалай   зерттейтінін,  нәтижесінде  неге   қол жеткізгенін  айта  алатын  тұғаның   дамуына  бағыт  беруге бағыттайды.  

«Мен және экология»  курсы білім   алушылардың қоршаған орта туралы анағұрлым көп мағлұмат алып, өздері құбылыстың пайда болуының  себептері  туралы   болжамдарын,  оларды  тексеру   амалдарын (қарапайым тәжірибелер) жасауларын көздейді.

2-4  сыныптарда   оқу  жоспарының  вариативті   компонентінің  сағаттарын математикалық сауаттылықты, математикалық сөйлеуді дамытуға бағытталған  «Математика» пәнін  оқуға, сондай-ақ шахмат пен домбырада ойнау сабақтарына бөлу ұсынылады. 

«Шахмат» курсы логикалық ойлауды дамытады және маңызды жалпы білім беру дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. 

2ә сыныбында «Мен және экология» курсын Аманбаева Бегзат жүргізеді. 24.04 күні «Жаратылыстану ғалымдары жайлы не білеміз?» тақырыбында өткен сабағында мұғалім көрнекіліктерді тиімді пайдалана білді. Презентация қолданып ғалымдар жайлы толық мағлұмат берді. Оқушылардың пәнге қызығушылығы жақсы, берілген тапсырмаларды орындап /ребустар, жұмбақтар, жасырынған сөздер/, жұмыстарын қорғады. Мұғалім сабақ соңында сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындылады.

3ә сыныбында «Жас зерттеуші» курсын Аманбаева Бегзат жүргізеді. 20.04 күні «Жәндіктер» тақырыбында өткен сабағында мұғалім суреттер арқылы Қызыл кітапқа енген жәндіктер түрімен таныстып өтті. Сонымен қатар, жәндіктердің шығу тарихы, пайда болу құбылыстары, пайдасы туралы қызықты мағлұматтар берді. Оқушыларға тапсырмалар берді /таратпа материалдар/. Сабақ соңында оқушылар жұмыстарын қорғап, мұғалім талдау жасады.

4а сыныбында «Жаратылыстану жұмбақтары» курсын Дюсенбаева Айдария жүргізеді. 20.04 күні «Ерекше қорғалатын аймақтар» тақырыбында өткен сабағында мұғалім ерекше қорғалатын аймақтар туралы қосымша әдебиеттерден ақпарат берді. Сабаққа сәйкестендіру, ұқсастықтарын табу тапсырмаларын әзірлеген. Аймақтардағы жануарлар түріне тоқталып, олардың топтарға бөлінуі, қыста қалай паналайтыны жайында суреттермен жұмыстар жүргізді. Сабақ соңында кері байланыс берілді.

4ә сыныбында «Шахмат» курсын Бакиров Ескелді жүргізеді. 17.04 күні «Патшаның жүрісі» тақырыбында өткен сабағында мұғалім сабақ жоспарын көрсетпеді. Оқушыларға қағаз түрінде тарапта материалдар берді, дәптерге орындады /сурет салды/. Түсіндірме жұмыстарын жүргізбеді. Шахмат тақталарын әкелмеген, оқушылар сабақта сурет салумен ғана шектелді. Сабақ соңында кері байланыс жүргізілмеді. 


Жалпы 2-4 сыныптардағы сабақтарға берілетін ұсыныстар: 

  1. Оқушыларға жаратылыстану  ғылымдарының негізі бойынша, ойша және іс жүзінде қарапайым эксперимент жасауға, алған білімдерін пайдалана отырып, өз беттерінше ізденуге бағыттау. Әр тіршілік ету ортасының бір - бірімен байланысын, олардың адам өміріндегі маңызын және күнделікті өмірмен байланысын оқып - үйренуге жағдай жасау.


  1. Пән мұғалімдеріне оқулықпен ғана шектеліп қалмай, қосымша әдебиет көздерінен ақпараттар беру және оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану /Бакиров Е/
     
     



ТІЖО                   А.Сейдахметова