«Табысты оқушы» жобасы аясында атқарылған жұмыстарға хабарлама 2022-2023 оқу жылы » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Табысты оқушы» жобасы аясында атқарылған жұмыстарға хабарлама 2022-2023 оқу жылы
04
июль
2023

«Табысты оқушы» жобасы аясында атқарылған жұмыстарға хабарлама 2022-2023 оқу жылы

№9 Директор жанындағы  кеңеске
 «№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ
«Табысты оқушы» жобасы  аясында атқарылған жұмыстарға хабарлама
2022-2023 оқу жылы

           Жаңашыл мұғалім әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті болуы керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына  көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы  мұғалімнің  білімі мен қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екені белгілі.  Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра  алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек екені сөзсіз. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен  қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап  етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі  икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек. 
Осы орайда мектебімізде 5 жылдан бері МАД, 1-4 сынып оқушыларына арналған «Әжемнің ертегісі» жобасы жүргізіліп келеді. «Әжемнің ертегісі» жобасының бағдарламасы бойынша жұмыстар реті арнайы  жоспар бойынша атқарылуда.
          Жобаның мақсаты: ертегілер еліне саяхат жасау арқылы балалардың тілін, сөздік қорын молайту. Ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу. Балалар заттардың айқын образын көрсете білуге, ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, тілдерін ойлау қабілеттерін дамыту. Бағдарламада  жобаны жүргізу үшін негізгі 7 бөлім қамтылады.
1-бөлім. Кіріспе Ертегі туралы түсінік
2-бөлім «Әжемнің ертегілері»
3-бөлім «Хайуанаттар әлемінде»
4-бөлім «Таңғажайып оқиғалар»
5-бөлім «Ертегілер әлемінде»
6-бөлім «Табиғат та тіл қатады»
7-бөлім «Қазақ ертегілері»
Күтілетін нәтиже:
-балалардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көз қарасын қалыптастыру;
-ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын молайту;
-балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу;
-мейірімділікке, адамгершілікке, ақылдылыққа баулу.
-суретке қарап мазмұнын түсіне білу.
-ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын ойнап келтіру.
-сұрақтар қою арқылы  есте сақтау қабілеттерін дамыту. 
Бөлімдер арқылы балалардың ертегілерді тыңдау, әңгімелеу, әртүрлі сұрақтар қою арқылы сөздік қоры артып, еркін сөйлеуге үйренеді.
            Бұл жұмыстар мектепалды даярлық тобында және бастауыштың 1-4 сыныптарында атқарылуда. Бұл арнайы ұйымдастырылған бағдарламада дамыту, тәрбиелеу сабақтары балалардың тіл байлығын қалыптастырады. Сондай-ақ ертегіні білуге, әңгімелеуге ғана үйретіп қоймай, балалардың эстетикалық талғамын, білімін, сөйлеу нақышын, қызығушылығын артыратыны анық. Осы арнайы ұйымдастырылған дамыту, тәрбиелеу сабақтары бойынша ұсынылған материалдар даярлық сынып пен бастауыштың балаларының білімін, ой-өрісін, тіл байлығын арттыруға арналған шығармалармен қамтамасыз етіледі.
«Әжемнің ертегісі» арнайы жобасының жұмыс жоспары
р/с    Сыныптар    Мерзімітақырып    Күні    Жауаптылар
1    1а, 1ә, 1б    Қыркүйек- қараша: Жан-жануарлар туралы ертегілерЖелтоқсан- ақпан: Қиял-ғажайып ертегілері
Наурыз -мамыр: Тұрмыс-салт ертегілері    Сейсенбі    Орынбаева А, Дүйсебаева Р, Көпбосынова Ш 2    1в, 4б    Қыркүйек- қараша: Жан-жануарлар туралы ертегілерЖелтоқсан- ақпан: Қиял-ғажайып ертегілері
Наурыз -мамыр: Тұрмыс-салт ертегілері    Сәрсенбі    Исаева О, Козлова О3    2а, 2ә.б    Қыркүйек- қараша: Жан-жануарлар туралы ертегілерЖелтоқсан- ақпан: Қиял-ғажайып ертегілері
Наурыз -мамыр: Тұрмыс-салт ертегілері    Сейсенбі    Сапаралиева А, Сатиева Р, Унербекова А
4    2в, 3б    Қыркүйек- қараша: Жан-жануарлар туралы ертегілерЖелтоқсан- ақпан: Қиял-ғажайып ертегілері
Наурыз -мамыр: Тұрмыс-салт ертегілері    Сәрсенбі    Ахметова А, Ананина Л  
5    3а, 3ә    Қыркүйек- қараша: Аңыз ертегілерЖелтоқсан- ақпан: Шыншыл ертегілер
Наурыз -мамыр: Батырлық, тапқырлық туралы ертегілер    Сейсенбі    Куанбекова А, Оматаева Ж 6    4а, 4ә    Қыркүйек- қараша: Аңыз ертегілерЖелтоқсан- ақпан: Шыншыл ертегілер
Наурыз -мамыр: Батырлық, тапқырлық туралы ертегілер    Сәрсенбі    Дүйсенбекова К, Сатова М7    0а, 0ә, 0б    Қыркүйек- қараша: Жан-жануарлар туралы ертегілерЖелтоқсан- ақпан: Қиял-ғажайып ертегілері
Наурыз -мамыр: Аңыз ертегілер    Бейсенбі    Жапарова Г, Абдулдаева А, Сатаева А

           Арнайы жоспар бойынша бекітілген күндері әр сыныптың жетекшілері іс-шара ұйымдастырады. Кейбір сыныптың оқушылары  ертегі желісі бойынша қуыршақ театрын жасап,  қойылымдар көрсетеді. Сонымен қатар, жобаның өз дәрежесінде өтуіне ата-аналар да атсалысуда. Жасалып жатқан іс-шаралар балалардың көңілінен шығып, әр кезекті ертегіні олар асыға, қызығушылықпен күтеді.
         
Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табуда, яғни әр оқу жылында жоспар бойынша жүргізіледі. 

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                         Сейдахметова А.Т