«Шебер қолдар» атты «Үштік одақ ұйымы» аясында сурет және қолөнерден апталық байқау өтті.. » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Шебер қолдар» атты «Үштік одақ ұйымы» аясында сурет және қолөнерден апталық байқау өтті..
15
май
2023

«Шебер қолдар» атты «Үштік одақ ұйымы» аясында сурет және қолөнерден апталық байқау өтті..

17-21 сәуір аралығын қамтыған ұлттық тәрбие беру бағытын негізге ала отырып, 1-2, 3-4 сыныптар арасынан  «Шебер қолдар» атты «Үштік одақ ұйымы» аясында сурет және қолөнерден апталық байқау өтті..


Мақсаты:Ұлттық кұндылықтар мен  салт-дәстүрлерді, өнерді  насихаттау және қолдау көрсету, оқушылардың мәдени-эстетикалық талғамын арттыру, өзара шығармашылық байланысты нығайту, дарынды қолөнер шеберлерін анықтау. Сонымен қатар мектеп әлеуметтік Instagram, facebook-парақшаларына үздік жұмыстарды насихаттау арқылы, мектеп шеберлерін ынталандыру. 




Байқаудың ержесі: 

1.«Туған өлкенің пейзажы мен табиғаты» тақырыбында сурет салу. Жұмысты кез-келген техникада (акварель, пастель, май, гуашь, қарындаш сурет және т.б.) орындауға болады. Жұмыс A4 қағазында (21x29,7 см) жасалуы керек.

2.«Алтын Қазына» өнер және қолөнер «Үштік одақ ұйымы» аясында шәкірт, ата-ана, жетекші арасындағы бірлескен жұмыстар: «Табиғи материалдан жасалған қолөнер»; «Сувенирлер мен сыйлықтар»; «Қуыршақтар мен ойыншықтар»; «Пластинадан жасалған сұлулық»; «Қамшы, білезік, сақина, садақ, 7-тұрман»; 


Байқауға кез-келген материалдан, аспаптан (коллаждар, пластилиндер, табиғи материалдар және т.б.) техникада жасалған қолөнер бұйымдары. Қайта өңделген материалдар мен қалдықтардан және тағы да басқа дүниелерден жасалған ең үздік көркем қолөнер бағаланады. 


Байқаудың шарттары: Байқауға әр сыныптан бір оқушы қатысуы шарт. Суреттер кез-келген материалда (қағаз, картон, кенеп және т.б.) кез-келген сурет техникасында (акварель, сия, түсті қарындаштар, акрил, гуашь) орындалуы мүмкін. WhatsApp желісі арқылы жұмыстарын жинақтап, жіберу сұралады. 

Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері:

Шығармашылық идеяның бірегейлігі

Қиял байлығы және автордың шығармашылық көз қарасы

Көркем бейненің тұтастығы

Стандартты емес техникалары мен көркем материалдарды қолдану

Тақырыпты ашу өзектілігі мен тереңдігі бағаланады. 

Үздік қолөнер шебері «Шебер қол-2023» номинациясымен марапатталып, бағалы сыйлық табыс етіледі. І орын, ІІ орын, ІІІ орын дипломдары әзірленеді. 

Еліміз егемендік алғалы жас ұрпақты өз халқының өнегесіне, әдет-ғұрпына сай тәрбиелеу күн тәртібінде өзекті мәселе болуда. Ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық қолөнеріміз арқылы оқушыларды іскерлікке баулумен қатар, ұлттық қолөнер шеберлігінің ұрпақтан-ұрпаққа жеткен қайталанбас мұралары арқылы олардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда ұстаздардың еңбектері зор. Осыған орай аптаның 17-21 күндері аралығында мектебіміздің тарихи-өлкетану фойесінде, Мектеп Парламенті «Өзін-өзі басқару» ұйымының Экология және еңбек фракциясының бөлімбасы-Ерболхан Махаббат Русланқызы және сол фракция мүшелігінің ұйымдастыруымен, мектеп оқушыларының қолөнерін паш ететін «Шебер қолдар» атты көрме өтті. Оған білім ұямыздың бастауыш жетекшілері мен оқушылары қатысып, онда ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан сурет және қолөнер бұйымдарын жасау жолдарының тиімді тәсілін жас ұрпаққа үйретіп жүрген мектебіміздің 30 ға жуық  бастауыш жетекшілерінің шебер қол шәкірттерінің жұмыстары қойылған болатын. Ұлттық нақыштағы ою-өрнекпен әсемделіп жасалған әшекейлік заттар да осы жерден табылды. Тұрмыста қолдануға арналған неше түрлі көз тартатын бұйымдар да бар.
 Материалының, жанрының және орындалу техникасының алуан-түрлілігімен таң қалдырған көрме оны тамашалаушыларды үлкен әсерге бөледі. Кәсіпкерлердің қолдауымен өткен бұл байқауға қатысушыларды І,ІІ,ІІІ-дәрежелі дипломдармен марапаттап, Бас жүлдені иеленген үздік қолөнер шеберін құны 20000 тұратын бағалы сыйлықпен көпшілік алдында қуанттық.  


Педагог-ұйымдастырушы: Закарин Н.С.