15-қыркүйек пен 8-қазан аралығын қамтыған Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 15-қыркүйек пен 8-қазан аралығын қамтыған Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
14
октябрь
2022

15-қыркүйек пен 8-қазан аралығын қамтыған Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

15-қыркүйек пен 8-қазан аралығын қамтыған Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағытының негізінде МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ФРАКЦИЯСЫның ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» бағдарламалық жоба аясында атқарылған жұмыстарына 

Хабарлама.

Қыркүйек пен қазан айының аралығын қамтыған бұл жұмыстар МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ФРАКЦИЯСЫның ұйымдастыруымен және мектеп кітапханашыларының атсалысуымен өтті. 1-4, 5-8, 9-10 оқушылары арасында әр күннің 10-минуттық үзілістерінде бой алып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтары күннен-күнге артып, жүйелі жұмыстар өз дәрежесінде бой алып отырды. Оқушылармен өткізілген әңгімелер әр түрлі тақырыптарға арналған: «Ең ұлы ұлт – тілін сақтаған ұлт»  библиогид ұйымдастырылды. 

   Ұлы даланың көсемдерін тиек етіп,  9-11 сыныптар арасында тұлғатану өтті.    

       Балалардың жеке мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету, өнегелі эстетикалық тәрбие беру  мақсатында : «Әдептілікке  жатпайтын әдеттер » «Алдымен ардақта ата- атаңды» атты әңгімелер өткізіліп,   тақырыпқа байланысты кітаптар ұсынылды.





        Мектеп кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған   жобалардың бірі – «Оқуға тиіс 100 кітап» жобасы. Осы жоба аясында «Сиқырлы» кітаптар елінде (1-4) сыныптар арасында ертегілер еліне саяхат жүргізілді. «Менің сүйікті кейіпкерім» 2-4 ұйымдастырылды.  

Оқушыларға оқулықтардың  сақталуы, ұсталуы туралы, мемлекет мүлкіне ұқыптылықпен  қарап, көңіл бөлуге тәрбиелеу мақсатында: « Кітапты аяла», «Кітаптарға ұзақ ғұмыр  тілеймін», « Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу» атты әңгімелер өткізілді. 

Оқушылардың кітапханалық- библиографиялық білімін қалыптастыру мақсатында анықтамалармен, сөздіктермен, энциклопедиялармен жұмыс жасай білуге, каталог, картотекаларды қолдана білуге үйрету үшін кітапханалық   сабақтар өткізілді. 3- сыныптар арасында «Кітапхана – білім ордасы» әдеби кеш өткізілді. 



Қазан айында жыл сайын 1- сынып оқушылары кітапханамен танысады.Балалар «Ақылды кітапқа қонаққа бару» атты кітаптар әлемімен кездеседі. Жалпы шолу жасалынып, ертегі кітаптармен таныстырылады. 



    Қарт адамдар қашанда береке. Елдің елдігі, ұрпақтың есендігі сол көне көз шежірелердің арқасында сақталып келеді. Қоғамдық өміріміздегі тәлім – тәрбиенің тізгінін тең ұстап, ауыл үйді аузына қаратқан қарттар, қым – қуат тірліктің қай мәселесінде де шалғай сөйлеп, шатасар пенде емес. Ұлан байтақ қазақ жерінің қай тұсында өмір ағымының тат баспас тазалығын сақтаған қариялар пікірі бүгінде аңызға айналып отыр. Осыған орай кітапханада   «Қариясы бар елдің – қазынасы бар» атты кітап көрме ұйымдастырылды.  

Ұйым мүшелерінің атсалысуымен Буккроссинг бұрыштары жаңартылып, әдемі безендіру жұмыстары жүргізілді. 

Педагог-ұйымдастырушы:              Закарин Н.С.