Мектеп кітапханасының I-жарты жылдыққа атқарылған жұмыстарының есебі » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп кітапханасының I-жарты жылдыққа атқарылған жұмыстарының есебі
25
январь
2022

Мектеп кітапханасының I-жарты жылдыққа атқарылған жұмыстарының есебі

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ 

2021-2022 оқу жылы     

   мектеп кітапханасының I-жарты жылдыққа 

атқарылған жұмыстарының есебі


    Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын дамыған елдер қатарында терезесі тең ететін күш- білім мен білімді ұрпақ. Қазіргі таңда жан- жақты  білім мен тәрбие берер еліміздегі бірден –бір руханият ордасы- кітапхана. Оқушылардың рухани қазына кітапқа деген талап- тілегі мен сұранысын қанағаттандыруды күннен – күнге жақсарта беру- уақыт талабы. Жас ұрпақты тәрбиелеуде кітапхананың орны ерекше.  Бүгінгі шәкірттер- ертеңгі ел тұтқасы. Болашақ мамандардың  көзі ашық, көкірегі ояу, заман талабына сай тұлға болып қалыптасуына тигізер әсері мол. Өйткені, тәрбие мен тәлім егіз ұғым десек, тәрбие мен білім берудің жаңа жолын кітапханадан табамыз.

                    Кітапхана- оқушылардың сапалы білімінің кепілі. Кітапхана-кітап арқылы жеке адамның жан-жақты білім алуымен қатар патриоттық  рухта тәрбиеленуіне, саяси сапасына қалыптастырып, ғылыми, кәсіби, мәдени дәрежесінің дамуына әсер ететін бірден-бір әлуметтік орын. Кітап мұхитында бағыт табуға, рухани тәрбие мен патриоттық тәрбиеден  өмірлік азық алуға көмектесетін кітапхана мен кітапханашы.Жас ұрпақтың бойында патриоттық, отансүйгіштік, адамгершілік, әділдік бауырмалдық қасиеттерді қалыптастыруда кітапхананың маңызы орасан зор.





 Кітапхана мектептің екінші қабатында 125,15кв.м көлемі кабинетінде орналасқан.

Мектеп кітапханасында жалпы кітап қоры -23601 дана

Көркем әдебиет- 7847 д

Оқулық- 15178 д

Әдістемелік әдебиет саны- 458 д

Электронды оқулық- 118 д

Жалпы кітап қоры – 23601 д


                                                Мектеп кітапханасындағы кітап қорының деңгейі





2021-2022 оқу жылындағы әдеби кітаптардың 

 оқылуының өсу деңгейі



 


Кітапханадағы  негізгі құжаттар:
 
            1. Мектеп кітапханасының қызметін реттейтін, басшылыққа алатын нормативтік құжаттар.

2. Кітапхананың жылдық айлық жоспарлары

3. Кітапхана жұмысының жылдық есебі.

4. Кітапхана  қорының өсуінің жинақ есебі  (құн есеп)

5. Кітапхана қорын жинақтау толықтыру кітаптары

6. Әдебиеттерді кітапхана қорынан шығару.

7. Кітапхана жұмысының күнделігі.

8. Оқулықтарды оқу қорынан шығару кесімдері.

9. Мүлік кітаптары

    Педагогика қызметкерлері үшін әдістемелік оқу құралдары да жеткілікті: Осы оқу жылына  450  дана әдістемелік нұсқаулар, анықтамалар, кестелер,ұстаздарға арналған әдістемелік , ғылыми-танымдық оқулықтарды мұғалімдер күнделікті сабақтарына үнемі қолданып отырады.

Жылдан жылға қызықты әдеби-көркем кітаптарымызбен оқырмандарымызды қамтамсыз етілуі  саны өсіп келеді. Оқырмандардың кітап оқу мәдениетінің дәрежесін көтеру, әдебиеттерді кеңірек қолдануды насихаттау шараларын тиімді ұйымдастыруды басшылыққа алды. Әдебиеттерді насихаттау үш тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылды. Мысалы: « Туған елге ту болған- Тәуелсіздік», «Ұлт тірегі тіл », оқырмандардың жас ерекшеліктеріне қарай бүлдіршіндерге арналған « Ертегілер ордасы», 5-8 сынып оқушылары қызығып оқитын «қызықты әңгімелер» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Биылғы оқу жылындағы кітап көрмелері: «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты», «Жаңа әлемдегі Қазақстан», оқырмандарды туған жер тарихымен, экономикасы , өмірімен кеңінен таныстыра алады. «Тарих тағылымы»әдебиеттер сөресінде ерте заманнан бастап, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихымызға байланысты әдебиеттер топтастырылған. «Айбарлы Ата Заң» сөресінде заң және құқық туралы кітаптар бар. «Фантастика әлемінде» кітап сөресі оқырмандарға қызықты әңгімелер және хикаяттар ұсынады. Бастауыш сынып оқушыларына арналған әдебиеттер «Ертегілер елінде»атты кітап көрмесінде орналасқан.. 

     Қазақстан Республикасы Конституциясы   еліміздің ұлттық саяси – құқықтық жүйесінің мәйегі, оның мемлекеттілігі мен заңдық негізі. Кітапханда «Ата заң: Тәуелсіздіктің теңдесіз тартуы» библиографиялық дайджест, «Ата заң – мемлекеттіліктің берік кепілі» атты тақырыптық көрме осылардың дәлелі.

    Оқырмандарды  кітапхана ережесімен таныстыратын: «Кітапхана  ережесі» атты көрнекі құрал ілінген. Мерзімді баспасөз басылымдарына арналған мақалалар газет-журнал мақалаларының картотекасында берілген. Оқырмандар қажетті мәліметті тақырыптық тігінділер   арқылы  іздестіре алады. Оқушылармен өткізілген әңгімелер әр түрлі тақырыптарға арналған: «Ең ұлы ұлт – тілін сақтаған ұлт»  библиогид ұйымдастырылды. 

     Қоғам қайраткері, жазушы, әдебиеттанушы (1873-1938) Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл мерей тойына «Ахмет Байтұрсынұлы –кемеңгер қоғам қайраткері» атты 9-11 сыныптар арасында тұғатану өтті.    

 Балалардың жеке мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету, өнегелі эстетикалық тәрбие беру   мақсатында : «Әдептілікке   жатпайтын әдеттер » «Алдымен ардақта ата- атаңды» атты әңгімелер өткізіліп,  тақырыпқа байланысты кітаптар ұсынылды.





Мектеп кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған  жобалардың бірі – «Оқуға тиіс 100 кітап» жобасы. Осы жоба аясында «Сиқырлы» кітаптар елінде (1-4) сыныптар арасында ертегілер еліне саяхат жүргізілді. «Менің сүйікті кейіпкерім» 2-4 ұйымдастырылды.  

Оқушыларға оқулықтардың  сақталуы, ұсталуы туралы, мемлекет мүлкіне ұқыптылықпен  қарап, көңіл бөлуге тәрбиелеу мақсатында: « Кітапты аяла», «Кітаптарға ұзақ ғұмыр  тілеймін», « Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу» атты әңгімелер өткізілді. 

Оқушылардың кітапханалық- библиографиялық білімін қалыптастыру мақсатында анықтамалармен, сөздіктермен, энциклопедиялармен жұмыс жасай білуге, каталог, картотекаларды қолдана білуге үйрету үшін кітапханалық   сабақтар өткізілді. 3- сыныптар арасында «Кітапхана – білім ордасы» әдеби кеш өткізілді. 




 Қазан айында жыл сайын 1- сынып оқушылары кітапханамен танысады.Балалар «Ақылды кітапқа қонаққа бару» атты кітаптар әлемімен кездеседі. Жалпы шолу жасалынып, ертегі кітаптармен таныстырылады. 



    Қарт адамдар қашанда береке. Елдің елдігі, ұрпақтың есендігі сол көне көз шежірелердің арқасында сақталып келеді. Қоғамдық өміріміздегі тәлім – тәрбиенің тізгінін тең ұстап, ауыл үйді аузына қаратқан қарттар, қым – қуат тірліктің қай мәселесінде де шалғай сөйлеп, шатасар пенде емес. Ұлан байтақ қазақ жерінің қай тұсында өмір ағымының тат баспас тазалығын сақтаған қариялар пікірі бүгінде аңызға айналып отыр. Осыған орай кітапханада   «Қариясы бар елдің – қазынасы бар» атты кітап көрме ұйымдастырылды.  


Тәуелсіздік алғалы бергі жеке мемлекет ретінде күнтізбеміздің парағына 

«1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні» деген жаңа мереке жазылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев- қоғамды топтастырушы басты тұлға. Бұл сан ғасырлар бабалар аңсаған еркіндікке қолымыз жеткенде елінің көшін бастап, тізгінін ұстап, қиын- қыстау кезеңнен туған халқын, жарқын болашақ, жайдарлы күнге алып келген еліміздің Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы   Н.Ә.Назарбаевқа деген үлкен құрметтің бірі. Қазақстанның қарыштап дамуы, тәуелсіздік тұғырының берік болуы мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі, халқымыздың бірлігі мен ынтымағының жарасқандығының айқын белгісі деп айтуға негіз бар. Ол- халқым аман, бейбітшілікте, бірлікте болсын деген ұлы мақсат. Елбасы болашақтың өзекті мәселесі мен өркендеудің нақты жоспарын жасақтап, сол мақсаттарға қол жеткізу үшін жағдай туғызды. Осыған орай кітапханада «Ұлт көшбасшысы және тәуелсіздік»  әдеби танымдық  кеш 7 сыныптар арасында ұйымдастырылды.     Тәуелсіздіктің 30 жылдығына  орай «Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік» әдеби- тарихи  кеш, «Туы биік, тұғыры мығым - Тәуелсіздік» көрме ұйымдастырылды.



                                       













Мобильді QR кітапхана

Мақсаты: оқушыларға электронды кітапхана, мобильді кітапхана туралы түсінік беру.Оқырмандарға көркем әдеби шығармалардың қол жетімділігін ұйымдастыру. Мобильді кітапханалар – бұл кітапхананың жаңа қызметі, тәжірибелік біліктілік, келешек. Қазіргі уақытта адамдар интернет желісіне  смартфондардың көмегімен кіріп, керек ақпаратқа қол жеткізе алады. Осыған орай мектеп кітапханамызда оқырмандарға қолжетімді болсын деген мақсатта көркем әдебиеттердің бірнеше топтамасынан «Мобильді QR кітапхана» ұйымдастырылды