«Әжемнің ертегісі» жобасының бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарға хабарлама 2021-2022 оқу жылы » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әжемнің ертегісі» жобасының бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарға хабарлама 2021-2022 оқу жылы
21
февраль
2022

«Әжемнің ертегісі» жобасының бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарға хабарлама 2021-2022 оқу жылы

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ
«Әжемнің ертегісі» жобасының бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарға хабарлама
2021-2022 оқу жылы

«Әжемнің ертегісі» жобасының бағдарламасы бойынша жұмыстар реті арнайы жоспар бойынша атқарылуда. Жобаның мақсаты: ертегілер
еліне саяхат жасау арқылы балалардың тілін, сөздік қорын молайту. Ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу. Балалар заттардың айқын образын көрсете білуге, ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, тілдерін ойлау қабілеттерін дамыту. Бағдарламада жобаны жүргізу үшін негізгі 7 бөлім қамтылады.
1-бөлім. Кіріспе Ертегі туралы түсінік
2-бөлім «Әжемнің ертегілері»
3-бөлім «Хайуанаттар әлемінде»
4-бөлім «Таңғажайып оқиғалар»
5-бөлім «Ертегілер әлемінде»
6-бөлім «Табиғат та тіл қатады»
7-бөлім «Қазақ ертегілері»
Бөлімдер арқылы балалардың ертегілерді тыңдау, әңгімелеу, әртүрлі сұрақтар қою арқылы сөздік қоры артып, еркін сөйлеуге үйренеді.
Бұл жұмыстар мектепалды даярлық тобында және бастауыштың 1-4 сыныптарында атқарылуда. Бұл арнайы ұйымдастырылған бағдарламада дамыту, тәрбиелеу сабақтары балалардың тіл байлығын қалыптастырады. Сондай-ақ ертегіні білуге, әңгімелеуге ғана үйретіп қоймай, балалардың эстетикалық талғамын, білімін, сөйлеу нақышын, қызығушылығын артыратыны анық. Осы арнайы ұйымдастырылған дамыту, тәрбиелеу сабақтары бойынша ұсынылған материалдар даярлық сынып пен бастауыштың балаларының білімін, ой-өрісін, тіл байлығын арттыруға арналған шығармалармен қамтамасыз етіледі.
Арнайы жоспар бойынша бекітілген күндері әр сыныптың жетекшілері іс-шара ұйымдастырады. Кейбір сыныптың оқушылары ертегі желісі бойынша қуыршақ театрын жасап, қойылымдар көрсетеді. Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, жобаның өз дәрежесінде өтуіне ата-аналар да атсалысуда. Жасалып жатқан іс-шаралар балалардың көңілінен шығып, әр кезекті ертегіні олар асыға, қызығушылықпен күтеді.
image
image
image
image
image
image
Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табуда, яғни жыл бойы жоспар бойынша жүргізіледі.



Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сейдахметова А.Т