№1 Жамбыл атындағы орта мектебі 2021 - 2022 оқу жылы Ішкі еңбек тәртіп ережелері » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №1 Жамбыл атындағы орта мектебі 2021 - 2022 оқу жылы Ішкі еңбек тәртіп ережелері
23
ноябрь
2021

№1 Жамбыл атындағы орта мектебі 2021 - 2022 оқу жылы Ішкі еңбек тәртіп ережелері

Бекітемін: Келісемін:
Мектеп директоры Кәсіподақ ұйымының төрағасы
Қамзина Б. М. Момынқұлов Б.Б.
«___» _____2021 ж «___» _____2021 ж


№1 Жамбыл атындағы орта мектебі
2021 - 2022 оқу жылы
Ішкі еңбек тәртіп ережелері

Мақсаты мен міндеттері:
1. Оқушының даму және психологиялық денсаулығын сақтай отырып, мектепте дұрыс жұмыс тәртібін құру;
2. Мектептегі бір-бірін сыйлау тәртібін қолдау;
3. Қазіргі қоғамда және жеке жауапкершілікке тәрбиелеуде оқушыға көмек көрсету;
4. Жеке тұлға құқықтарын сыйлауға, сонымен бірге қоғамдағы жеке міндеттерін түсіне білуге тәрбиелеу;
5. Жалпы адамгершілік құндылығының негізінде мәдени тәртіпке және қарым-қатынастың дамуына тәрбиелеу.
І. Жалпы ережелер.
1. 2021-2022 оқу жылында оқу-тәрбие процесі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мектепалды және 1-11 (12) сыныптарда дәстүрлі (штаттық) форматта оқыту түрінде жүзеге асырылады.
Сабақтың ұзақтығы 45 минутты құрайды.
2. Білім беру ұйымдары санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау кезінде «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінін 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №36 «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында короновирустық инфекцияның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық iс-шараларды жүргізу туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығын басшылыққа алады;
- педагогтар мен персоналдың 100% вакцинациялануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдерi бар адамдарды, COVID-19 ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда);
- ұйымға кіру кезінде «Ashyq» косымшасын енгiзу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкiлдерді), 18 және одан жоғары жастағы бiлiм алатын келушілердi QR-код (сheck-in) бойынша тіркеу);
- маска режимін сақтау;
- рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің,
дезинфекциялау және жуу кұралдарынын жеткiлiктi санымен қамтамасыз
ету;
- үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру;
- үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайлардың
ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау;
- педагогтардың, персоналдың және білім алушылардын күнделікті «кіру» сүзгісі (байланыссыз термометрмен термометрия);
- бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.);
- мектепке дейiнгi және орта бiлiм беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып, іс-шаралар өткізуге тыйым салу;
- зертханалық, практикалық сабақтарды коспағанда, кабинеттік оқыту жүйесiн болдырмау;
- бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ұстау (сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып) жағдайларында окытуды;
- асханадағы ауа рециркуляторларының қондырғыларын қамтамасыз ете отырып, тамақтануды ұйымдастыруды бақылауды күшейтуді.
ІІ. Ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдерінің өтініші негізінде /созылмалы ауруы бар немесе ауруы өршу кезінде және т.б./ үй жағдайында асинхронды /өздігінен/ оқытуға рұқсат беріледі. Асинхронды /өздігінен/ оқыту білім алушының ата-анасының немесе заңды өкілдерінің өтініші негізінде мектеп директорының бұйрығымен рәсімделеді. Асинхронды /өздігінен/ оқыту кезінде білім алушы:
1/ оқулықтармен және ОӘК, пәндер бойынша оқу бағдарламаларымен, ақпараттық жүйеге және электрондық журналға қол жеткізумен қамтамасыз етіледі;
2/ БЖБ және ТЖБ өткізу мерзімдеріне сәйкес орындайды. Білім беру ұйымының шешіміне орай БЖБ штаттық форматта немесе қашықтан орындалады. ТЖБ мектепте штаттық форматта орындалады.
Білім беру ұйымы ата-аналарды және білім алушыны БЖБ және ТЖБ нәтижелерi туралы хабардар етедi. БЖБ және ТЖБ бойынша қанағаттанарлықсыз нәтижелер алган жағдайда білім алушы оқуын штаттык форматта жалгастырады.
3/ Сырқаттанған адаммен (сыныпта, топта, отбасы мүшелері ауырған және т.б.) байланыста болған бiлiм алушы аныкталғанда оқшаулау кезеңінде бiлiм алушыларды қашыктан оқыту жүзеге асырылады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде білім беру ұйымдары Білім және ғылым министрiнiн 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейiнгi білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық аттестаттау жүргізудің» үлгілік қағидаларын басшылыққа алады. БЖБ және ТЖБ саны пәндер бойынша үлгiлiк оқу бағдарламаларына сәйкес (шектеу шаралары енгізілгенге дейін дәстүрлі форматта жүзеге асырылғандай) айқындалады.
4/ Бiлiм беру ұйымдары балалардың ата-аналары мен заңды өкiлдерiн оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы хабардар етеді.
1) оку процесі мектептiн бекiтiлген жұмыс оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
2) сабақ кестесі кұрылады, қашықтан сабақ болған жағдайда олар кестеде
көрсетіледі.
3) сабақтар арасындағы үзіліс уақыты бастауыш, орта және жоғары сынып білім алушыларының барынша алшақтауды камтамасыз етудi ескере отырып белгіленеді.
4) кабинеттiк оқыту жүйесі қолданылмайды, сабақ «1 сынып - 1 кабинет» прициппен жүргізіледі.
5) дене шынықтыру сабақтары таза ауада немесе тұрақты желдетiлетiн спорт залдарында өткізіледі.
6) көпшілік іс-шаралары токтатылады.
7) спорттық іс-шаралар таза ауада өткiзiледi.
8) жеке пәндердi қашықтан форматына шығару туралы шешім қабылдаған кезде негізгі пәндерді дәстүрлі форматта қалдыру ұсынылады.
Өңiрлiк денгейде шектеу шараларын қабылдаган жағдайда 1-5 сыныптардың, 9,11-сыныптардың оқу процесін дәстүрлі форматта қалдыру ұсынылады.
Ш. Мектеп кызметкерлерінің негізгі міндеттері:
1. Мектеп Жарлығында жазылган міндеттерді лауазымдық нұскауларды қатаң сақтау.
2. Әкімшілік бұйрығын уақытында орындау, берілген жұмыс уакытын сақтау, енбек тәртiбiн сақтап, жұмысқа уақытында келу.
3. Мiндеттi түрде іскер киiм түрін сақтау-ақ және қара түс, классикалык киiм
түрлері -ер адамдарга-шалбар, пиджак, әйелдерге-кеудеше, юбка
4. Еңбектiң жоғары нәтижесіне жету үшін жұмыс сапасын жоғарлатуга талпыну, орындау тәртібін сактау, үнемi шыгармашылық талапта болу.
5. Әртурлі іс-шараларды өткiзуде немесе дайындауға өте ұқыпты болу, өрт қауiпсiздiгi және еңбек қауiпсiздiгiнің, маскалык режим нұсқауларын қатал
сақтау.
6. Жарақат болған жағдайда, оның ауыртпашылыгына қарамай мектеп жетекшiлерiне хабарлап, алғашқы көмек көрсету, қажет болған жағдайда жедел жәрдем шакыру.
7. Жұмыс орнын таза ұстау, құнды заттар мен құжаттарды бекітілген тәртіп бойынша сактау:
8. Заттар, жылу мен тоқ көзін үнемді жұмсау. Оқушыларды мектеп мүліктеріне, заттарына ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
9. Медициналық тексеріс тәртiбi бойынша белгiленген мерзімде медициналық тексерістен өту, вакцинация алу.
10. Мұғалімдер сабақ және қонырау кезінде оқушылардың өмірі мен денсаулығына жауапты. Жарақат болған жағдайда шұғыл түрде мектеп әкiмшiлiгiне хабарлау;
11. Мұғалім оқушы сабаққа кешiгiп келсе, сабаққа кіргізбеуге кұкысы жок, оған тек мектеп әкiмшiлiгiнiң ғана құқысы бар. Егер оқушы кітап немесе оқу құралдарын үйде ұмытқан жағдайда мұғалім баланы үйге жіберуге, тәртіп бұзғаны үшiн сыныптан шығарып жiберуге құқысы жоқ.
12. Сабақ біткен соң мұғалiм оқушыларды қатаң түрдегі жағдайларда ғана ұcтayғa құқылы:
- сынып сағаттары мен жиналыстарда.
-сыныптан тыс және мектеп бойынша мерекелерде.
-сынақтар, қосымша сабақтар кезінде.
Баска жағдайлар да тек мектеп әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен.
13. Мектеп ішілік кезекшілік кезекшi әкiмшiлiкпен (кесте бойынша), кезекші мұғалімдер мен кезекші сыныптар, қабат бойынша кезекші мұғалімдермен (кесте
бойынша) аткарылады. Егер, кезекшiлiк мұғалiмнiң әдістемелік күнiне түсiп тұpca, кезекшiлiкке жiберiлмейдi. Кезекшi әкiмшiлiк және мұғалiм сабақ басталғанға дейiн 30 минут бұрын мектепте болуы керек.
14. Өрт және басқа да апаттың кезінде мұғалімдер бекiтiлген эвакуацияның жоспарымен жұмыс істейді.
15. Педагогика кызметкерлері педагогика кадрларының аттестатция жағдайына сәйкес 5 жылда бір рет аттестатциядан өтедi.
IV. Кезекші мұғалім жауапты:
- сыныптың мектеп бойынша кезекшiлiгiне.
- маскалық режимге.
- қоныраудың уакытылы соғылуына.
- мектеп iшiндегi тәртiптiң орындалуына.
- қабаттардағы кезекшiлiктерге.
V. Педагогтар мен қызметкерлердің жұмыс уақыты және оның қолданылуы.
1. Мектеп 2 ауысымда жұмыс істейді. І ауысым - 8.00-дан 13.25-ке дейiн, 2 ауысым - 13.00-ден 19.20 ге дейiн (кыскы мерзімде 13.30 дан – 19.25). Мұғалімдер мектепке сабақтын басталуына 15 минут қалғанда келу керек. Бұл уакыт кабинетті санитарлық-гигиеналық нормаға сәйкес дайындауга арналган.
2. Мұғалiмнiн жұмыс істеу тәртiбi мына жағдайларда ұзарады:
- педкеңестерді өткізу
- директордын қатысуымен өтетiн жиналыс, әдістемелік бірлестіктің отырысы, әдістемелік кеңес семинары
3. Мұғалімдер сабаққа қоңырау соғылысымен кіріседі, сонымен бірге қоңырау соғылғаннан кейін сабақты кешігіп бастауына рұқсат етiлмейдi, бұл мұғалімнің жұмыс орнында жоқтығын білдіреді.
4. Каникул уақыты жұмыс уақыты болып саналады. Каникул уақытында мұғалімнің жұмысы оқу жүктемесiне байланысты іске асады. Каникул уақытында себепсіз жұмысқа келмей қалу, жұмыстан кетумен бірдей.
5. Қызметкерлердің ауырып қалу себебін, еңбекке жарамсыз парағының ашылуы туралы күнi бұрын мектепке хабарлауы керек. Жұмыска шығуы туралы мәліметті алдын-ала хабарлау керек. Жұмысқа шыққан алғашқы күні-ақ еңбекке жарамсыз парағы мектеп директорына берілуі керек.
6. Кезекшi әкiмшiлiк кызметкері өз уақытында мұғалімдер мен оқушыларға сабақтың ауысуы туралы мәлімет беру керек.
7. Педагог қызметкерлерге және басқада мектеп қызметкерлеріне тиым салынады:
• сабақ кестесін өзгертуге;
• сабақ мерзімін ұзартуға, қысқартуға және ауыстыруға;
• оқушыларды кабинетте қараусыз қалдыруға, шығарып жіберуге;
• сабақ уақытысында басқа педагог қызметкерлердің жұмысына кедергі келтіруге;
• оқушыларға педагогикалық шараларға қарсы ықпал қолдануға;
• ұялы телефондарды ретсіз қолдануға;
• ата-аналар мен оқушылардан ақшалай қаржы жинауға.
8. Сынып жетекшісі сынып оқушыларының асханада тамақтануын және асханадағы тәртіпті сақтауын қадағалау.
9. Мектепішілік тәртіп бірыңғайй болып табылады және педагогикалық қызметкерлер бұл тәртіпті орындауға міндетті.
10. Мектепішілік тәртіпті бұзғаны үшін мектеп қызметкерлеріне келесі шаралар қолданылады:
- ескерту
- сөгіс
- қатаң сөгіс
- жұмыстан босату.
11. Жұмыстағы жоғары көрсеткіштері, лауазымдық міндеттерін жауапкершілікпен орындағандары, шығармашылығы және талаптары үшін қызметкер марапатқа ұсынылады.
VІ. Оқушылардың жалпы тәртібі.
1. Мектепке келу мен оқушының сыртқы келбеті.
Оқушы мектепке келер кезде қауiптi жерлер, құрылыс аландары, қауiптi бұрылыстармен жүрмей, жан-жақты бақылап қауiпсiз маршрутты тандауы тиiс Қоғамдық көліктерде оқушы тәртiптi және қауiпсiздiк ережесiн сақтауы тиiс. Бiрыңгай мектеп формасын кию: ұлдардың сыртқы келбетi - классикалық қара шалбар, бір түсті көйлек (негізінен көк түс, мереке күндері ақ түс): қыздар - қара көк түстi юбка-костюм, ақ блузка. Оқушыларга шашын бояуга, тырнағын өсiрiп бояуға, діни үлгiдегi киiм киюге тыйым салынады. Оқушылардын сыртқы келбетін кезекші мұғалімде мен әкiмшiлiк бақылап, негiзгi тәртіп бойынша киiнуiн талап етедi. Оқушы сабақ басталмас бұрын 15-20 минут ерте келуi керек. Дене тәрбиесі мен технология сабақтарында арнайы киiмдi (технология сабағында - фартук, дене тәрбиесі сабағында-спорттық киiм, аяқ киiм) кию керек. Мектеп iшiнде сыртқы киiммен жүруге тиым салынады. Оқушы мектепке ұқыпты, таза келуi керек. Өзімен бiрге таза мұрын орамалы, тарағы болуы тиiс. Кешiгiп келген оқушыны кезекшілік әкiмшiлiк немесе кезекшi мұғалім тіркейді және күнделiкке жазылады. Сабаққа кешіккен оқушы кезекшiлiк әкімшілігінің рұқсатымен сабаққа жiберiледi.
2. Оқушының мектепте болу уақыты мен қайтуы, сабақты босатуы мен босатылуы.
Сабақ мектеп директорынын бекіткен оку кестесімен жүргiзiледi. Сабақтың ұзақтылығы-45 минут. Қоңырау уақыты мектеп директорының бұйрығы мен санитарлық ереже бойынша бекітіледі. Оқушы сабақка кешiгiп келген жағдайда, мектеп әкiмшiлiгiне түсiнiк береді. Оқушыны сабақтан тек мектеп директоры немесе кезекші әкiмшiлiктiн рұқсатымен босатылады. Сабақ уакытында оқушы мектептен жазбаша түрде сынып жетекшісінің немесе кезекшi әкiмшiлiктiң



рұқсатымен шығады. Мектепке бөгде адамдар тек кезекшiлiк әкімшіліктің рұқсатымен кiредi. Оқушылар мектептен сабақ бiткен соң 5 минуттан кейiн қайтуы тиiс, егер сыныптан тыс мерекелер жоспарланбаса немесе кезекші болмаса. Оқушы сабақты босатқан жағдайда сынып жетекшiсiне дəлелді құжаттар; медициналық анықтама немесе ата-анасының қол хат, түсiнiктеме әкелуi тиiс. Егер оқушы апта ішінде 3 рет сабақты себепсiз босатса, дәлелдi құжаттары болмаған жағдайда директордын атына түсініктеме жазады. Оқушы сабақты босатқан жағдайда өтілген тақырып бойынша сынақ тапсыруға, үй жұмысын орындауға мiндеттi.
3.Оқушыларға тыйым салынады:
1) мектептегі қоғамдық тәртіпті бұзуға, мектеп Жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін сақтамауға;
2) қару-жарақ, оқ-дәрі, электрошокерлерді, газ баллондарын, пиротехикалық құралдарды, спирт ішімдіктерін, темекі бұйымдарын, улайтын және есірткі заттарын әкелуге, біреуге беруге және таратуға, қолдануға;
3) мектеп ғимаратында және оның аумағында шылым шегуге;
4) жарылуы және өртенуі мүмкін кез келген құралдар мен заттарды пайдалануға;
5) оқу сабақтарына белгіленбеген үлгідегі, осы Ережелерде бекітілген іскерлік стиліне сәйкес келмейтін, сонымен бірге кір, мыжылған киімдермен келуге;
6) құмар ойындарын ойнауға, алыпсатарлық сипаттағы жұмыс жүргізуге;
7) әңгімелесу кезінде дөрекі сөздер қолдануға, қарым-қатынасты анықтау үшін күш көрсетуге, қоқан-лоққы жасауға,қорқытуға, қажетсіз талаптар қоюга, айқай-шу көтеруге, әлімжеттік жасауға;
8) мектепке рұқсатсыз бөгде адамдарды әкелуге не шақыруға;
9) оқу үдерісі кезінде мектеп ғимаратында ұялы байланыс құралдарын пайдалануға. Қымбат бағалы заттарды (электронды және ұялы аппараттар, фото және бейнекамералар, бағалы заттар, ірі көлемде ақша және т.б.) әкелуге. Қымбат бағалы заттардың жоғалғаны үшін мектеп жауапты болмайды;
10) айналадағы адамдарға және оқушының өзіне қауіп төндіретін кез келген басқа іс-әрекеттер жасауға.
11/ мектеп және кабинет мүлiктерiне, кабырғаларына жазуға, сызуға, оларды сындыруға; мектепке қатысты кітаптарға жазуға, оларды жыртуға; мектеп iшiнде және айналасына қоқысты шашуға, қоқыстарды кез-келген жерлерге тастауға;
12/ оқу сабақтары кезiнде дәлiзде бос жүруге, жүгіруге, терезеге жақын аралық ойықтарда тұруға, ойнауға болмайтын орындарда, оқушылардың көп жиналған орындарында ойнауға;
13/ мұғалімнің рұқсатынсыз кабинеттiң кілтін алып ашуға, сыныптың есiгiн iш жағынан жабуға, терезені ашуға;
14/ өз беттерімен рұқсатсыз сабақтан немесе мектептен кетуге;
Осы Ережелерді бұзған жағдайда оқушыларға төмендегідей түрлі тәртіптік жазалау шаралары қолданылуы мүмкін: баласының мінез-құлқы туралы ата-анаға хабарлау, айналадағыларға зиян келтіретін мінез-құлқы туралы шешім шығару үшін ата-ананы мектепке шақыру, ата-аналар қаржысымен материалдық шығынның орнын толтыру, оқушыны және оның ата-анасын педкеңеске, құқықбұзушылықтың алдын-алу кеңесіне шақыру. Қазақстан Республикасы заңдары бұзылған жағдайда оқушылар және олардың ата-аналары әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
4. Оқушылардын тәртiбiне койылатын жалпы талап:
1/ Оқушылар ұстаздарға «сіз» деп сойлеуі және аты-жөнін толық айтуы, үлкендерді сыйлауы керек.
2/ Оқушылар үлкендерге, үлкендері-кішiлерiне, ұлдар-кыздарга жол беруі керек.
3/ Мектептен тыс орындарда өз абыройларын сақтау, мектептің атына сын келтірмеу.
4/ Мектеп оқушылары тiл мәдениетiн және ана тілінің тазалығын сақтауға мiндеттi.
5/ Оқушылар өрт қауiпсiздiгi тәртiбiн, жолда жүру және техника қауiпсіздігін сақтауға міндетті.
6/ Оқушылар мектеп қызметкерлерiнiң және кезекшiлердiң ескертулерін тыңдауы керек.
7/ Ересектермен сөйлеу кезінде қолын қалтасына салмау, дөрекі сөйлемеу, жағымсыз тәртіп көрсетпеу.
8/ Оқушылар мектеп мүлiгiне зақым келтiру барысында /ата-аналары арқылы/ жауапкершілікке алынады.
5.Оқушылардың оқу құжаттары.
Әр оқушыда өзімен бірге нұсқауға сәйкес бекітілген үлгiдегi оқушы күнделiгi болуы керек және оны мұғалiмнiң алғашқы талабынан көрсетуі керек. Оқушы әр апта соңында оқу апталығының қорытындысы ретінде күнделігін ата-анасына қол
қойдыртуы керек.
Ескерту: күнделiктi жазбалар, баға қорытындысын сол күнi-ақ ата-аналарына көрсетіп, қол қойғызуы керек. Қойылған бағаларды және күнделiктегi жазбаларды
түзету, сонымен бірге парақтарды жыртуға тиым салынады. Оқу бағдарламасының өтуі туралы мәлімет оқушының жеке iсiне енгiзiледi, жеке iс оқу бөлiмiнде сақталады.
6. Оқушылардың сабақ барысындағы тәртібі.
Әрдайым сабаққа қалып келетін оқушылар мектеп әкімшілігіне түсініктеме беруге шақырылады. Оқушының ата-анасына тәртіп бұзғандығы туралы ескертiледi. Қоңырау соғылғаннан кейiн оқушылар кабинетте өз орындарын тауып, сабаққа керекті барлық заттарды дайындауы керек. Сабақта оқушыларда мiндеттi түрде күнделiк, пән бойынша жұмыс дәптерi, оқулық және оқулық нұсқаулары, жазба және сызба заттары, сабақка катысты заттары болуы керек. Оқушылардың сабаққа кандай заттарды әкелуін мұғалім шешеді. Сабаққа оқуға катысы жоқ заттарды әкелуге болмайды. Күнделік және оқушы дәптерлерi мұгалiмге алғашқы талаптан ақ берілуі керек. Оқушы үй тапсырмасын әрдайым орындап келу керек. Оқушылар мiндеттi түрде мұғалімнің түсініктемесін, жолдастарының жауабын тыңдау керек. Сабақта бөгде істермен айналыспау, сөйлеспеу, шуламау керек. Оқушылар мұғалімнің ескертулерiне уакытында назар аудару керек, өз беттерімен сабақтан кетуге тыйым салынады. Сыныптан мұғалімнің рұқсатынсыз шығуға болмайды. Оқушылар оқу кабинеттерiнiң талабына сай еңбек қауiпсiздiгi ережелерін сактау керек. Сабақтан кейін үзіліс тек мұғалім үшін беріледі. Тек мұғалiм ғана сабақтың аякталғанын шығуға болатынын хабарлайды. Сыныптан шығарда оқушылар өз орындарын тәртіпке келтіреді.
7.Сабақ алдында, үзілісте және сабақ соңындағы оқушы тәртібі.
1/ Үзiлiсте кабинетті желдету мақсатында оқушылар дәлiзге шығуы керек;
2/ Оқушылар мектептiң кезекші қызметкерiне бағынуға, тәртіп сақтауға мiндеттi;
3/ Басқаларға нұқсан келтiретiн, кедергі жасайтын iстерге немесе жүгіруге, секіруге, қозғалыс ойындарын ұйымдастыруға болмайды;
4/ Үзілісте оқушылар сыныптан шығып жұмыс орындарын таза ұстап, тәртіпке келтіреді;
5/ Сынып кезекшiсi мұғалiмге кабинетті келесі сабаққа әзірлеуге көмектеседі.
Үзiлiс кезінде баспалдақта жүгiруге, еденде немесе терезе алдында отыруға тыйым салынады.
8. Оқушы міндетті:
1) білім беру үдерісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы Ережелердің, Мектеп Жарғысының талаптарын, педагогикалық кеңес пен мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару органының шешімдерін, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, мектеп әкімшілігі мен педагогикалық қызметкерлердің талаптарын орындауға;
2) басқа оқушылардың, мектеп қызметкерлерінің құқығын, абыраойы мен намысын құрметтеуге, олардың мүддесіне нұсқан келтірмеуге, жасы кішілерге көмектесуге;
3) тәртіпті болуға, қоғамдық тәртіпті, мектептегі және одан тыс жердегі режим мен гигиеналық талаптарды сақтауға, мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға;
4) ата-аналарына не заңды өкілдеріне өзінің үлгерімі, мінез-құлқы, сыныптан тыс жұмыстардың орындалуы туралы үнемі ақпарат беріп отыруға; 5) өз денсаулығын сақтауға, рухани және дене дамуы жағынан өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуға;
6) мектеп мүлкін күтіп ұстауға, оның сақталуын; оқулықтар мен оқу құралдарының бүтіндігін, құрал-жабдықтардың (музыкалық аспаптар, техникалық оқу құралдар) бұзылмауын қадағалауға, өзінің білім алған орнын таза ұстауға;
7) сабаққа саналы түрде қарауға, сабаққа және басқа оқуларға уақытылы келуге, жұмыс орнында тәртіп сақтауға, сабақтарды босатқан жағдайда ресми құжаттарын әкелуге;
8) оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің денсаулығына қауіп төнген жағдайларда әкімшілікке, мұғалімдерге жедел хабар беруге;
9) мектеп мүлкін сақтауға, басқа адамдардың еңбегін құрметтеуге, жасыл желекті сақтауға;
10) өз-өзіне қызмет көрсету жұмыстарына қатысуға, яғни сынып бойынша және мектептегі кезекшілікті атқаруға.
VII. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері (занды өкілдерінің).
1. Ата-аналар (заңды өкілдері) міндетті:
- Өз балаларын тәрбиелеуге, олардың жалпы білім алуына және олардың орта (толық) жалпы білім алуына қажеттi жағдай жасауға, оқушылардын сабаққа қатысуын уақытылы бакылауға;
- Мектепке оқушы туралы уақытылы қажеттi акпарат беруге, баланың сабақта болмаған себебін хабарлауға;
- Оқушыларга академиялық қарызын жоюды камтамасыз етуге;
- Баланың ойдағыдай оқуы және тәрбиеленуi үшiн қажеттi құралдармен: соның iшiнде спорттық киiммен, ауыстыратын аяқ киiммен, еңбекке оқытуға арналған формамен қамтамасыз ету жауапкершiлiгiн алып баруға:
- Шақырған уақытына қарай сынып және жалпымектептiк ата-аналар жиналыстарына қатысуға, мектепке педагогтардың, әкiмшiлiктiң шақыруымен келуге:
- Қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда бiлiм алушылардың мектеп мүлкіне келтiрген зиянын өтеуге;
- Мектеп кызметкерлерiнiң еңбегi мен құқығын құрметтеуе, олардың авторитетін қолдауға
- Қолданыстағы заңнамадағы нормаларды, жарғы мен осы ереженің талаптарын орындауға.
2. Ата-аналар (заңды өкілдері) құқығы:
1. Балалардың заңды құқықтары мен мүддесін қорғауға;
2. ҚР қазіргі заңнамаларына және мектептiң жарғысына сәйкес мектепті басқаруға қатысуға;
3. Мектеп жарғысы мен білім беру үдерісінің ұйымдасу тәртібін белгілеушi басқа құқық орнатушы және нормативтік құжаттармен, соның ішінде осы ережемен танысуға;
4. Білім беру үдерiсiнiң барысы және мазмұнымен, оқушылардың бағаларымен танысуға;
5. Сабақтарға (әкiмшiлiк пен окытушының келiсiмiмeн) және оқу, оқудан тыс кызметтiң басқа түрлерiне катысуға;
6. Қолданыстағы заңнаманың шеңберінде ерiктiлiктің негiзiнде сыныптың, мектептің дамуына қайырымдылық (қайыр) түрiнде материалдық көмек көрсетуге:
7. Мектеп жарғысы мен осы ереже шарттарының орындалуын талап етуге.