«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі»МКМ Біз есірткісіз өмірді қалаймыз. » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «№1 Жамбыл атындағы орта мектебі»МКМ Біз есірткісіз өмірді қалаймыз.
14
апрель
2022

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі»МКМ Біз есірткісіз өмірді қалаймыз.

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі»МКМ

Біз есірткісіз өмірді қалаймыз.

Сыныбы: 6-сынып

Жетекшісі: Қашқынбаева Н. 

Біз-болашақ жастар салауатты өмір салтын ұстанып, деніміз сау болғанын қалаймыз. Ол үшін зиянды әдеттерден аулақ болуымыз керек. Зиянды әдеттерге: шылым шегу, ішімдік ішу, есірткі ұстау жатады. Осылардың ең қауіптісі-есірткі. Есірткі – ол адамның санасын өзгертетін, миына әсер ететін және әдетке әкелетін заттардың ең үлкен тобы. Есірткі адамның нерв жүйесін бұзып, мінез құлығын өзгертеді. Есірткі организімге әр-түрлі тәсілдермен енгізіледі, көктамырға енгізілетін есірткілер ерекше қауіптілік туғызады. Біз есірткі заттарын қолданылудың қауіптілігі туралы жиі айтамыз, бірақ кейде оның қауіптілігі неде екенін түсіне бермейміз. Бізге жанасудың өзі өлімге жеткізетін заттар кездесіп жатады, бірақ олар есірткі сияқты мәселе емес, себебі тәуелділік туғызбайды. Егер тәуелділік болмаса, нашақорлық та болмас еді.Тәуелділік-бұл бір нәрсеге құмар болу, залалды әдет. Тәуелділіктің 2 түрі болады: психологиялық және денелік. Ең қауіптісі- психологиялық тәуелділік. Психологиялық тәуелділік бұл есірткісіз өмірдің мәні болмайтынын көрсететін құбылыс. Есірткі өмірдің мәніне айналады. Жасөспірімнің мінез-құлқы өзгереді, ашушандық пайда болады.

Дене тәуелділігі-денелік сезінудің бұзылуынан, есірткі организімінің алмасу үрдісінің бөлшегіне айналғанда болатын жағдай. Есірткісіз организм қалыпты жұмыс істей алмайды. Дене тәуелділігі ауру өте шегіне жеткенін көрсетеді. Есірткіні қабылдауды кенеттен тоқтату «ломкаға», буындардың, еттердің ауруына, жүрек–тамыр жүйесінің және басқа ағзалардың бұзылуына жеткізеді. Дене тәуелділігі кезеңі «керең» кезеңге ұласады. «Керең» деп аталатын себебі осы кезеңде нашақор: Есірткіні қабылдаумен байланысты қауіптілер (АТҚТ, гепатит жұқтыру, артық қолданудан келетін өлім) туралы ақпараттарды естімейді. Есірткілерді қолданудың алғашқы белгілері туралы ақпарат:

  • Мектептегі сабақтарға бармау, оқу үлгерімінің төмендеуі,
  • Үйден бағалы заттар мен ақшаның жоғалуы,
  • Себепсіз кенеттен баланың көңіл-күйінің ауытқулары,
  • Ұйқысының бұзылуы (мүлдем ұйықтамау немесе тым ұзақтау)
  • Тәбетінің бұзылуы (тәбеттің болмауы немесе үйге оралған соң, оның кенет көтерілуі, шамадан артық шөлдеу)
  • Сөйлеу мәнерінің өзгеруі («шұбатылған» баяу сөз)

Жасөспірімдер әртүрлі себептер мен есірткі қолдануды бастайды. Бұл әсіресе би кештерінде, түнгі клубтарда жиналатын жасөспірімдер топтарына тән қызық көрушілік, еліктеушілік болуы мүмкін.

Бүгінгі күні, көптеген зерттеушілер, есірткіні өздерінің еркіндігі, самбмәдениетінің бөлігі деп есептейтін жастардың көбейе түскенін, бірақ олар «еркіндіктің» есірткіге тәуелділікпен алмасатынын ұмытқандықтарын атап көрсетеді. Жастар ортасында есірткі тұтыну белсенді түрде сәнге айнала бастады, жасөспірімдер арасында «жеңіл» есірткілер танымал. Наркомафияның қоғамның енжарлығы аясындағы шектен тыс белсенді іс-әрекеті жағдайдың одан әрі ушығуын болжауға әкеледі.

Заңсыз сақтағаны, дайындағаны және таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады!