Жүз есім » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
ноябрь
2020

Жүз есім

«Жүзден жүйрік 100 есім»

«Дарынды ұрпақ – ұлт мақтанышы» деген ата-бабамыздың дана сөзін басшылыққа ала отырып, №1 Жамбыл атындағы орта мектебі 2018- 2019 оқу жылында дарынды оқушылармен жұмысты өз деңгейінде өткізді.
Аудандық пән олимпиадасының қорытындысы бойынша: І – 5 оқушы, ІІ – 5 оқушы, ІІІ – 8 оқушы, 4 оқушы алғыс хатпен марапатталды. Облыстық пән олимпиадасына 3 оқушы қатысып, Халықберген Аружан орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІ орын, Асқарқызы Д қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІІ орын иеленді.
Облыстық "Дарын" ғылыми жобалар сайысынан 11 сынып оқушысы Кеңес Торғын ІІ-орын иеленді.
Облыстық «Зерде» ғылыми жобалар сайысынан 7 сынып оқушысы Сардирдинов И пен 6 сынып оқушысы Сағынгелді А 3 орын, 8 сынып оқушысы Тұрдалы Амина 2 орын иеленді.
«Кіші Ғылым академиясы» ғылыми жобалар сайысының облыстық кезеңінен 7 оқушы орын алса, ал, республикалық кезеңінен мектебіміздің түлегі Асқарқызы Дана І орын, 10 сынып оқушысы Син Инесса мен 9 сынып оқушысы Райбек Гүлім ІІ орын иеленді.
Тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі ұйымдастырған «Мақал-сөздің мәйегі» атты байқауда 11 сынып оқушысы Кеңес Торғын аудандық кезеңнен бас жүлдені және облыстық кезеңнен 45000 теңге көлеміндегі грант ұтып алды /жетекшісі Сауранбаева А/.
Облыстық «Роботехника» жарысында «Line follow» категориясы бойынша 5 сынып оқушысы Хамзин Санжар ІІ орын иеленді.
Тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі ұйымдастырған «Қобыланды жырын» жатқа айту байқауында 6 сынып оқушысы Мұхамәди Дильназ аудандық кезеңнен бас жүлдені, облыстық кезеңнен 5 орын мен 20000 теңге көлеміндегі грант ұтып алды /жетекшісі Қамзина Б/.
Республикалық «Балдәурен» ҰСО-ғы ұйымдастырған «Балдәурен білгірі» атты байқауда этномәдениет секциясы бойынша 5 сынып оқушысы Ерболған М ІІІ орын иеленді.
Мектеп оқушылары арасындағы ең үздік жұмыстарының ІІІ республикалық «Жас Ғалым -2019» байқауында 5 сынып оқушылары Қайратбек Ақжол І орын, Ерболған Махаббат пен Сапарғали Ақерке ІІ орын, Ерлан Сымбат ІІІ орын иеленді /жетекшісі: Қамзина Б.М./.
Республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында 4 сынып оқушысы Серібол Бағжан І орын, 3 сынып оқушылары Бериков Алишер, Саматқызы Назерке ІІ орын, Ерачин Егорь ІІІ орын иеленді /жетекшілері: Қуанбекова А, Козлова О, Даркембаева Ж/.
«Ғұмырдария» халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән-би байқауының «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша 3 сынып оқушысы Бериков Алишер бас жүлдені жеңіп алып, Турция елінде Анталия қаласында өтетін «Күн астындағы әлемдік әуен» атты халықаралық байқауға жолдама алды /жетекшісі Сатаева А/.
Футболдан аудандық чемпионатта 4 сынып оқушылары ІІІ орын иеленді /жетекшісі Тұрдалы Б, Сапарғазин Ш/.
«Спорт ардагері А.Ф. Саматовтың» жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен ашық республикалық турнирінде 8 сынып оқушысы Балтабай Данияр облыс чемпионы атанса, 5 сынып оқушысы Көптілеу Абзал ІІ орын, 3 сынып оқушысы Мейірхан Мадияр мен 9 сынып оқушысы Смағұл Диас ІІІ орын иеленді.
«Армреслинг» спорт түрі бойынша аудандық байқауға 10 оқушы қатысып, 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды /жетекшісі Момынқұлов Б/.
Халықаралық «Кенгуру-лингвист» байқауынан 9 оқушы, халықаралық «Кенгуру-математика» интеллектуальды байқауынан 5 оқушы, Халықаралық «Адам және табиғат» байқауынан - 16 оқушы, Халықаралық ағылшын тілінен «Бритиш бульдог» тілдік сайысынан 9 оқушы, Халықаралық әлем мәдениетінің тарихына арналған «Золотое руно» байқауынан 12 оқушы, Республикалық «Сиқырлы қылқалам» өнер байқауына -8 оқушы, «Nao.kz» олимпиадасы- 12 оқушы, «Ермексаз туындылары» Республикалық қолөнер байқауына-мектепалды даярлық тобынан 2 оқушы, «Болашақ» Республикалық интеллектуалды қашықтықтан өткізілген олимпиадасына-49 оқушы, Tio.kz Республикалық Дәстүрлі Интернет Олимпиада сайты ұйымдастырған онлайн олимпиадаға әдебиеттік оқу, қазақ тілі пәндерінен- 16 оқушы, «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз.....» атты республикалық Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерден балалар мен жасөспірімдер байқауының «Көркем сөз» сайысына-9 оқушы, «Учитель ХХІ века» XVI халықаралық математика пәнінен олимпиадаға – 12 оқушы, Халықаралық «Жырлайды жүрек» атты М.Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерін және ақынның өлеңдерін оқудан жасөспірімдер мен балалар арасындағы жыр-күй, ән-би байқауының «Көркем сөз» сайысына- 6 оқушы, «Ұлы Дала мұрасы» атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауына- 1 оқушы, «Ақ бота» Республикалық интеллектуалдық марафонына- 4 оқушы, Республикалық «Қазақтың қара өлеңі- құдіретім» атты М.Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерін және ақынның өлеңдерін оқудан жасөспірімдер мен балалар арасындағы байқауына- 15 оқушы, «Jarqyn Joly» республикалық ғылыми-ақпараттық, танымдық-тәрбиелік порталының ұйымдастыруымен өткен қолөнер байқауына- 2 оқушы, Халықаралық «Солнечный свет» интернет олимпиада /математика пәнінен/ Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайтының ұйымдастыруымен өткен- 2 оқушы, Халықаралық «Инфоурок» сайты ұйымдастырған пәндік олимпиадаға /математика/ -5 оқушы, «Өнерім, жастық жігерім, арналсын саған туған ел» республикалық мектеп оқушылары арасында өткен байқауына- 5 оқушы, «Ғұмырдария» Халықаралық ән-би балалар мен жасөспірімдер арасындағы байқауының «Көркем сөз» номинациясы бойынша – 6 оқушы, Республикалық «Жас өркен» порталы ұйымдастырған шығармашылық байқауға қатысып, «Мәнерлеп оқу» сайысына- 1 оқушы, «Жұлдызды қолтаңбаңды бізбен қалдыр!» атты балалар мен жасөспірімдер арасында өткен республикалық байқауға- 8 оқушы, «Адамзаттың Абайы» атты Халықаралық байқауға- 2 оқушы, «Данышпан» республикалық қашықтық шығармашылық байқауына- 3 оқушы, «Бала әлемі» атты Жастар жылына орай өткізілген балалар мен жасөспірімдер арасында өткен аймақтық республикалық байқауға- 3 оқушы, «PLATON» Халықаралық білім дамыту орталығы ұйымдастыруымен өткізілген «Білім-асыл қазына» атты Республикалық пәндік олимпиадасына- 7 оқушы, Республикалық балаларға арналған өнер-білім порталының ұйымдастыруымен өткізілген «Төрт түлігім-ырысым» шығармашылық байқауы- 5 оқушы қатысты.
Дарынды оқушылармен жыл бойы атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша сан түрлі жарысқа қатысып, сыныптастары арасынан оқ бойы оза білген оқушылар «Мектептің мақтаныштары» деген атқа ие болып, жетістіктері мектеп саитына жарияланып, дара балаларымызға арналған «Жүзден жүйрік 100 есім» тақтайшасына суреттері ілінді.

Похожие публикации:

12 ноябрь 2020 100 есім
12 ноябрь 2020 100 есім
12 ноябрь 2020 Жүз есім