Балалар жылына орай 03-06 мамыр аралығында өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балалар жылына орай 03-06 мамыр аралығында өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет
03
май
2022

Балалар жылына орай 03-06 мамыр аралығында өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет

 

 

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – еліміздің әлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі. 2022 жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылы деп жариялады. Осыған орай биыл балаларды қорғауға, сапалы біліммен қамтуға, мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын нығайтуға, инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.


Балқаш ауданы бойынша  «№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ-ның 2022 жылы Балалар жылына орай  03-06 мамыр  аралығында   өткізілген   іс-шаралар  туралы мәлімет


Шараның атауы

Күні, уақыты

Қамту саны

Іс –шараның мақсаты, қатысушылар санаты, қысқаша сипаттамасы

1


«Шахмат – ақыл-ой спорты» атты балалар жылына орай құрылған апталық іс-шаралар жоспары негізінде мектепішілік шахматтан турнир өттті.

 

03.04.2022 ж, сағат: 15:00-де

60

Шараның мақсаты: Мектебіміздің жаңа имиджін қалыптастыру,     мектебімізді зияткерлік ортаға айналдыру.  Сондай-ақ, шахматтан жаңа есімдерді анықтау. Балалар мүддесін қорғап, олардың жан-жақты замануаий спорттың түрлерімен жүйелі айналысуына ықпал жасау.

Қатысушылар санаты: 40-оқушы

Қысқаша сипаттамасы: Мектебіміздің дене тәрбиесі мұғалімі, мектепішілік шахмат үйірмесінің жетекшісі Мурзаева Мира апайдың ұйымдастыруымен айтулы апталық негізінде 4,5,8-оқушыларының ішінен мықты Шалымдылар арасынан шахматтан турнир өтті. Турнир бір неше кезеңнен атқарылып, мықты шалымдылар анықталды. Шешуші финалда тек мықты шалымдылар ортаға түсіп, топ ішінен алға шыққан ойыншыларға салтанатты түрде арнайы тағайындалған бағалы сыйлықтар табыс етіліп, дәрежелі дипломдармен марапатталды. 


2

Шараның атауы «Биле,биле-2022» би байқауы


 



 


 

Күні, уақыты

04.04.2022 ж, сағат: 18:00-де

Қамту саны

120-оқушы

Шараның мақсаты: Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбиені жан-жақты етіп дамыту, бастауыш сынып оқушылар арасынан би өнеріне қабілетті оқушыларды анықтау, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, ұстамдылық қабілеттерін арттыру яғни   хореографиялық дарынды орындаушыларды анықтау, өздерін бір сәт кішкентай жұлдыздардай сезіндіру, бастысы оқушылар шығармашылығына қоғамның назарын аудару болып табылады.

Қатысушылар санаты: 20

Қысқаша сипаттамасы:

Байқау жоспары мектеп «Жас Ұлан» ұйымы жанынан құрылған Мәдениет фракциясы арасынан бір неше кеңестер арқылы құрылған болатын. Бұл мүшеліктің жүйелі ұсыныстары мектеп әкімшілігі тарапынан қолдау тауып, лездемеде барша жетекшілерге таныстырылып, мектеп директоры тарапынан бекітілді.     Ереже бойынша байқауға бір сынып толық қатыса алады делінген. Топтық би болғандықтан би орындауда оқушылар жан-жақты алып, стильдендірілуі шарт болған. Бұл би байқауында әр команда оқушылары сыныптың намысын өз дәрежесінде қорғай білді. Би-байқауында әділқазы алқалары қатысушы командаларға 2 кезең бойынша талаптарына сүйене отырып, әділ бағасын беріп отырды. 

3

Шараның атауы

«Бақытты бала-болашақ кепілі» атты балалар жылына орай өткен аудандық турнир


 


 


 

 

Күні, уақыты 06.04.2022 ж, сағат: 9:00-де


Қамту саны

200

Шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру; оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу; облыстағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.


Қатысушылар санаты: 30


Қысқаша сипаттамасы: 

Балқаш ауданы бойынша 22-мектеп арасынан дебат клуб мүшелігіндегі оқушылардан мықты шалымдылар іріктеліп, арнайы әр мектепте мектеп Педагог-ұйымдастырушылары, Дебат клубтарының жетекшілерімен бірлескен апталық пысықтау өткен болатын. Нәтижесінде жұмыстар оң шешімін тауып, аудандық әдіскерлер, педагог-ұйымдастырушылар, мен әр мектептердегі дебат клубтарын басқарып отырған жетекшілерінің ақылдасуымен №1 Жамбыл атындағы орта мектебінің мәжіліс залында балалар жылына орай «Бақытты бала - болашақ   кепілі» атты аудандық турнир өтті. Турнирдің барлық кезеңдері Америкалық парламенттік формат (АПФ) бойынша өткізілді. Турнир екі айналымда өткізілді. Бірінші айналым – іріктеу раундтары. Екінші айналым – негізгі ойындар, жартылай финал және финал.  Іріктеу ойындары 3 раундтан құралды. Әр раундқа бір қарар берілді. Іріктеу ойындарында қарсылас командалар жеребе бойынша іріктелді. Ширек Финалда командаларға бір қарар беріліп отырды.




Педагог-ұйымдастырушы:              Закарин Н.С.