Жақсылық жасауға асығайық » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
апрель
2022

Жақсылық жасауға асығайық

Жақсылық жасауға асығайық 

І. Ұйымдастыру
 - Мектеп жетістіктері, қайырымдылық акциясы туралы слайд -
  дайындау;
 - Концерттік бағдарлама әзірлеу;
 - Баяндам
а
 ІІ. Акцияның жүрісі:
 Қайырлы күн, 
қадірлі қауым, ел тірегі,  ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Армысыздар жаны жайсаң, жүрегі жомарт ел ағалары, ұлағатты ұстаздар және оқушылар. «Жақсылық жасауға асығайық » атты қайырымдылық акциясына қош келіпсіздер!
 «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық.

Добрый день уважаемые гости, учителя и учащихся. Добро пожаловать на Благотворительную акцию  «Давайте делать добро вместе!» Цель акций –подержка детей сирот и детей оставшихся без попечения родителей, из малообеспеченных и многодетных семей.

Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. 

«Жанашырлыққа - жан риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.
 Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Сөз мектеп директоры Қа
мзина Б.М  беріледі 

Ән  « Егемен ел»  Женіс Айтолқын- Ерболған Махназ дуэт
 Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
 «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, 
адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытуға келгендеріңізге үлкен ризашылығымызды білдіреміз!!!
 Сонымен, ізгі ниетті, ақ тілеулі ағайын, жақсы іске жанашыр боп, қош келдіңіздер!!!
 Балаларға қамқорлығымызды аямай, оларды аялай білейік деген ниетпен келіп отырған қонақтар мен демеушілерімізбен таныс болыңыздар.

Бүгінгі қайырымдылық кешіне кең пейілділік танытып келіп отырған    Ауылымыздың   мешітің имамы  Жатебаев Руслан мырзаға                сөз беріледі.

Ән  «Бақытты бала»  Рахат Айжұлдыз

Ах,как нам добрые слова нужны!

Не раз мы в этом убеждались с вами.

А может , не слова-  дела

Они живут у каждого из нас.

На дне души до времени хранимы.

Чтоб их произнести в тот самый час.

Когда они другим необходимы. 

 Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қадам жасайық. Ортаға мектебіміздің «Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Шин Инесса ханымды   шақырамыз.

Жақсылықты ақ жүрекпен қабылдап,
 Самға биік, жалын атып жүр алда.
 Жігерің мен сеніміңді оттық қып,
 Жас қырандай қанат қағып қиянға.
 Асқақ арман – үлкен өмір бастауы,
 Болашаққа бақыт үнін жолдаңдар!

 Ән   «Туған жер»   Ермуханбетова Інкәр 
  Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген. Бүгінгі қайырымдылық кешіне кең пейілділік танытып келіп отырған 
сөз беріледі.
 
Күй   Құрманғазының  күйі «Балбырауым» орындайтын Ерік  Әділет  Ерік Айзере
  Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. Ал бейтаныс адамға жылы шырай білдіру, көңілін көтеру, кемшілігін кешіріп, демеу болу – жомарттық.
 Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса
 » - деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс - тәжірибелерімен жалғастырылып келеді.
 Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!

Ән «Отаным» Жақсыбекқызы Аяла
 Бүгінгі «
Жақсылық жасауға асығайық»  атты қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға ұйытқы  болып отырған  мектептің әлеуметтік –педагогы дефектологы, мектеп ұстаздары қол ұшын беруге ат салысып отырған демеушілерімізге айтар алғысымыз шексіз.

Қайырымдылық акциясы да өз мәресіне жетті. Демеушілерімізді балаларға дайындаған сыйлықтарын тапсыруға шақырамыз. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Осындай қайырымдылық акциялары әлі де өз жалғасын таба береді деп сенеміз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!
 Пейілділік көл - көсір,
 Жомарттық ерге сын.
 Кеңдігін көрсеткен.
 Қайырымдылық қорында,
 Ізгілік жолында.
 Мың алғыс, ағалар,
 Рухы елдің жебесін.!
 Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!!!


«№1Жамбыл атындағы орта мектебі»       МКМ








Қайырымдылық акция

« Жақсылық жасауға асығайық »







Әлеуметтік педагог     Найзабекова Р.Т




 

Аудан әкімінің шыршасы 2022 жыл  Нұртай Нұрайлым,Нұртай Арайлым -1 сынып оқушылары аз қамтылған отбасынан.

Ауыл мешітінің имамы Жатебаев Руслан демеушілік көрсете отырып    -78000 тенге көлеміңде 5- жетім балаларға жаңа жылдық сыйлықтар тарту еттілді.


Денсаулығына байланысты үйден оқитын 5- оқушыға және инклюзивті оқитын 3-оқушығада  сыйлықтар берілді.

Жартылай жетім, аз қамтылған отбасынан - 47 балаға  жаңа жылдық сыйлықтар таратылды.