Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері - Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп https://1-zhambyl.mektebi.kz/ ru Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері - Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп DataLife Engine Әлеуметтік педагогтің лауазымдық міндеттері https://1-zhambyl.mektebi.kz/psiholog-bryshy/mektep-psihologyny-ytary-men-mndetter/205-leumettk-pedagogt-lauazymdy-mndetter.html https://1-zhambyl.mektebi.kz/psiholog-bryshy/mektep-psihologyny-ytary-men-mndetter/205-leumettk-pedagogt-lauazymdy-mndetter.html Әлеуметтік педагог

       72. Лауазымдық міндеттері: жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, мүдделер мен қажеттілікті, мәселелерді, даулы жағдайларды, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға уақытылы әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді. 

       Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды. 

      Білім алушылар, тәрбиеленушілер, балалар және ұйым, отбасы, орта, түрлі әлеуметтік қызметтер, ведомстволар мен әкімшілік органдар мамандары арасында делдал болады.

       Білім беру ұйымдарында және жеке тұлғаның қоғам өміріне бейімделуін қамтамасыз ететін тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады. 

       Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, девиантты мінез-құлықпен оқитын бала кезінен мүгедектерді патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді. 

       Сабақтан тыс уақытта білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды. 

       Әлеуметтік ортада адамгершілік қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді. Бала мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. 

       Мұғалімдермен, ата-аналармен және білім алушылардың өзге де заңды өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды. 

       Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді. 

      Білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.

       Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді. 

      Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

       73. Білуге міндетті: 

       Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді; 

       әлеуметтік саясат негіздерін; жалпы және әлеуметтік педагогиканы; педагогика мен психологияны, 

       Валеология негіздерін, әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістемелерді; әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарды; 

      еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.

       74. Біліктілікке қойылатын талаптар: 

      жоғары педагогикалық білімі; әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

      Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-модератор үшін-кемінде 3 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші және педагог – шебер үшін-кемінде 5 жыл әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі болуға тиіс.

      75. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог – модератор":

       санаты жоқ педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: 

      озық тәжиребені оқып үйрену,

      озық тәжиребен тәжірибеде енгізу;

       оқу-тәрбие жұмысына талдау жасау, 

       білім беру ұйымының әдістемелік топтарының жұмыстарына қатысуы тиіс. 

      2) "педагог-сарапшы":

      педагог-модераторға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      тәрбие жұмысын талдау әдістерін меңгеру;

      шығармашылық семинарларды басқара білуі, озық тәжірбиелерді енгізуі тиіс.

      3) "педагог-зерттеуші":

       педагог-сарапшы педагогқа қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: 

       ғылыми-әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды білуі; 

       әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалардың, педагогикалық технологияларды құрастыра білуі және олардың жұмысы бойынша апробация жүргізуі, 

      әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелермен айналысатын шығармашылық топтың жұмысын басқаруы тиіс.

      4) "педагог-шебер":

      педагог-зерттеушіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

       әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалардың, педагогикалық технологиялардың құрастыра білуі және олардың жұмысы бойынша апробация жүргізуі, 

]]>
Әлеуметтік педагог

admin Tue, 19 Apr 2022 02:43:24 +0600
Педагог- психологтың қызметтік міндеттері https://1-zhambyl.mektebi.kz/psiholog-bryshy/mektep-psihologyny-ytary-men-mndetter/209-pedagog-psihologty-yzmettk-mndetter.html https://1-zhambyl.mektebi.kz/psiholog-bryshy/mektep-psihologyny-ytary-men-mndetter/209-pedagog-psihologty-yzmettk-mndetter.html Педагог- психологтың қызметтік міндеттері

Жалпы ережелер

1.1.            Осы қызметтік нұсқаулық 03/09/-1999 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1304 санды қаулысымен бекітілген педагог- психологтың тарифтік біліктілік мінездемесі негізінде жасалды.

1.2.             Педагог- психологты жұмысқа мектеп директоры тағайындайды және босатады.

1.3.             Педагог- психолог болып арнайы орта немесе жоғары білімі бар маман қабылданады. Жұмыс өтілінің болуына талап қойылмайды.

1.4.            Педагог- психолог тікелей мектеп директорына бағынады.

1.5.            Өз жұмысына педагог -психолог Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын, ҚР Президентінің Жарлықтарын, білім беру саласын басқаратын барлық деңгейдегі органдардың шешімдерін басшылыққа алады. Оқушыларға білім беру мен тәрбиелеу, денсаулығын сақтау, кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қорғау, еңбек заңдылығының сақталуы , сонымен бірге мектептің Жарғысы мен актілерді /директордың бұйрықтар мен шешімдері және осы қызметтік нұсқаулық пен еңбек шарты/ қатысты мәселелердің дұрыс шешілуіне қатысады.

1.6.             Педагог- психолог балалардың құқықтары туралы Конвенция талаптарына сақтайды.

Педагог- психологтың функционалдық міндеттері

Педагог- психологтың жұмысының негізгі бағыттары:

2.1. Мектептің білім беру тәрбие беру үрдісіне педагогикалық- психологиялық негіздеме жасау.

2.2.             Әлеуметтік бейімделуге тосқауыл болатын жағдайларды болдырмау және алдын-алу.

2.3.             Оқушыларға психологиялық көмек көрсету.

Қызметтік міндеттері

3.1.            Оқыту барысында оқушылардың психологиялық, әлеуметтік және соматикалық қолайлығын сақтауға бағытталған кәсіби қызмет көрсету.

3.2.             Балалардың құқықтары жайлы Конвенция мен Қазақстан балалары құқықтары заңымен өзгеде балаларға байланысты заңдылықтарға сәйкес оқушылар құқықтарының сақталуын қадағалау.

3.3.             Мектептің әлеуметтік саласының үйлесін табуына ықпал жасап, әлеуметтік бейімделуге кедергі болатын жағдайлардың алдын-алуға және болдырмауға бағытталған іс-шараларды жүргізу.

3.4.             Оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына кедергі болатын факторларды анықтау және түрлі психологиялық /коррекциялық, бейімдеу, кеңес беру/ көмек беру.

3.5.             Оқушылармен ата-аналарға /олардың орынындағы адамдарға/, педагогикалық ұжымға нақты туындаған мәселелер жөнінде көмек көрсету.

3.6.            Әр деңгейлі және көп бағытты диагностикалауды жүргізу.

3.7.             Оқушылардың жеке тұлғалық және әлеуметтік қалыптасу барысында мәселелерді шешу мақсатында педагогикалық ұжым мен ата-аналар /болмаса олардың орындағылар/ жұмысын бағыттауға арналған зерттеу материалдарына негізделген педагогикалық- психологиялық қорытындылар жасау.

3.8.            Кәсіби мамандығына байланысты бекітілген үлгідегі құжаттарды жүргізу және оны тек кәсіби қызметінде қолдану.

3.9.             Дарынды балаларды анықтау, оларға психологиялық қолдау көрсету, дамуына көмек көрсету.

3.10.         Оқушылардың дамуындағы ауытқудың / ойлау қабілеті, дене бітімі, эмоциялық/ деңгейін анықтау және олардың дамуына көмектесу.

3.11.         Оқушылардың ата-аналар мен педагог қызметкерлердің психологиялық мәдениетін қалыптастыру, сонымен қатар жыныстық қатынас мәдениетін тәрбиелеу.

3.12.        Өзі қызмет ететін мектепті дамыту жөнінде қызметкерлерге кеңес беру және психологияны тәжірибе жүзінде пайдалануға үйрету.

3.13.        Еңбек қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі ережелерін орындау.

3.14.        Білім беру үрдісін жақсарту мен сауықтыру жөнінде ұсыныстар беру.

3.15.        Өзінің кәсіби біліктілігі мен білімін үнемі көтеріп отыру.

3.16.        Мектеп әкімшілігі өткізетін барлық педагогикалық кеңестер мен мәжілістерге қатысу.

3.17.         Педагогтың қоғамдағы дәрежесіне сай келетіндей қоғамдық орындарда, мектеп тұрмыс жағдайында өзін-өзі ұстаудың этикалық нормаларын сақтау.

Құқықтары.

4.1. Мектеп жарғысы бойынша мектеп басқаруға қатысуға.

4.2.            Өзінің кәсіби намысы мен қасиетін қорғауға

4.3.            Жұмысын бағалаған шағымда және өзге де құжаттармен танысуға, оларға түсініктеме беруге .

4.4.            Кәсіби этика нормаларын бұзуына байланысты әкімшілік немесе тәртіптік шара қолдану мақсатында тексеру жүргізілсе, өз мүддесін өзі қорғауға немесе заңды өкіл-қорғаушы арқылы қорғауға.

4.5.            Заңда көрсетілген жағдайлардан басқа, тәртіптік /қызметтік/ тексеру қорытындысын жарияламауға

4.6.             Психологиялық тәсілдер мен әдістерді қолдануды таңдау еркіндігіне

4.7.             Білімін жетілдіруге

4.8.             Біліктілік санатын көтеру мақсатында аттестациядан өту еркіндігі мен сәтті өткен жағдайда біліктілік санатын алуға

Қызметтік жауапкершілігі

5.1.             Оқушылармен жеке және ұжымдық психологиялық зертеулер жасау, кеңес беру немесе түрлі шаралар өткізу кезінде олардың денсаулығы мен өміріне зиян келтірсе, немесе психологиялық -педагогикалық зерттеулер мен шаралар өткізу кезінде балалардың құқықтары мен бостандықтары бұзылса, психологиялық Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен заңдылықтар шегінде тікелей жауап береді.

5.2.             Балабақшаның ішкі тәртіптемесі мен Жарғысын дәлелді себептерсіз орындамаған жағдайда, сондай-ақ мектеп директорының заңды нұсқамалар мен бұйрықтарына, өзіне бекітілген функционалдық міндеттерін орындамаған жағдайда психолог ҚР Үкіметінің Кодексіне сай тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

5.3.             Тәрбиелеуде физикалық күш немесе психологиялық қысым көрсеткен немесе моральдік жағынан кінәлі болған жағдайда психолог ҚР Үкіметінің еңбек туралы заң актілеріне, ҚР “Білім”, “Еңбек” Кодекстеріне сай жұмыстан босатылады.

5.4.             Мектептің оқу-тәрбие процесіне міндеттерін атқару /атқармау/ кезінде материалдық зиян келтірсе, еңбек және азаматтық заңдылықтар шегінде материалдық жауапкершілікке тартылады.

5.5.             Әрекеттері немесе әрекетсіздігі нәтижесінде мектепке материалдық зиян келтірсе, Республикасы Үкіметі бекіткен заңдылықтар шегінде тікелей жауап береді және келтірген зиянын өтейді.

Білуге міндетті

5.1.            ҚР Конституциясын, ҚР “Білім туралы” заңынан, “ҚР балалары” заңын, ҚР “Еңбек туралы” заңын, “Білім беру ұйымдары қызметі ережелерін” және “Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік педагого-дәрігерлік қолдау көрсету туралы” өзге де білім беру саласына байланысты құқықтық нормативтік актілерді және “Орта білім беру мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын” балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға байланысты нормативтік ережелерді, психология және педагогика теориясын балалар физиологиясы мен гигиенасын, тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесін, еңбекті қорғаудың ережелерімен талаптарын, техникалық қауіпсіздігі ережелері мен өрт қауіпсіздігі ережелерін.

5.2.            Жалпы психологияны, педагогикалық психологияны, жалпы педагогиканы, жеке бас психологиясын, балалар мен жас ерекшелігіне байланысты психологияны, әлеуметтік психологияны, медициналық психологияны, балалар нейропсихологиясын, патопсихологияны, психосоматиканы, сексологияны, психогигиенаны, еңбек психологиясын, психологиялық кеңес.

5.3.             Еңбекті қорғау нормативтері мен ережелерін, еңбек және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі ережелерін

5.4.             Төтенше жағдайларда іс-әрекет жасау тәртібін

5.5.             Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелерін

Қызметіне байланысты қатынасы.

6.1.            Мектеп директоры бекітілген кестесіне сай аптасына 18 сағат жұмыс істейді

6.2.            Әр оқу жылына, әр тоқсанға жұмыс жоспарын жасайды. Жасалған жоспар жоспарланған мерзімнен бес күн бұрын мектеп директорымен бекітіледі.

6.3.            Мектеп әкімшілігінен нормативтік актілерді алады және қол қою арқылы танысады.

6.4.          Оқушыларды, ата-аналарды, педагогтарды мектеп әкімшілігінен өз міндетіне кіретін ақпараттармен таныстырып отырады.

]]>
Педагог- психологтың қызметтік міндеттері

admin Mon, 11 Apr 2022 03:26:15 +0600
Өміріңнің бақытты сәттері https://1-zhambyl.mektebi.kz/psiholog-bryshy/mektep-psihologyny-ytary-men-mndetter/198-mrn-baytty-stter.html https://1-zhambyl.mektebi.kz/psiholog-bryshy/mektep-psihologyny-ytary-men-mndetter/198-mrn-baytty-stter.html    Өміріңнің бақытты сәттері

                                      (психологиялық тренинг)

Тренинг атауы: Өміріңнің бақытты сәттері

Мақсаты: агрессивті мінез-құлықтың алдын алу

 «Бәтеңкедегі тас» жаттығу

Мақсаты: Кедергілерді сезіне біле отырып, оларды болдырмау жолдарын үйрету.

Жүргізуші: 

-Ортаға кез-келген белсенді 3 қатысушыны шақырамын. Қазір сендер аяқ киімдеріңді шешіп, ішіне мына ұсақ тастарды салып, аяқ-киімдеріңді қайта киіңдер. Енді ары-бері жүріп көріңдер.Тағы да үздіксіз жүре береміз.

Талдау: Не сезіндіңдер?

Сендерге не кедергі болды?

Оқушыларға жаттығу барысын түйіндеу: Көпшілігіміз басымызға түскен қиын сәттерде, қатты уайымдап, мазамыз кетеді, бойымызды жағымсыз эмоциялар, яғни өздерің жаңа ғана түйсінгендей кедергілер билеп алады.Бұл сезімді біз жеңу үшін ең алдымен бойымызға адамгершілік рухани құндылықтарды дарыта білуіміз керек. Өмір болғаннан кейін ол бізге бақыт пен байлық бере бермейді, алдағы уақытта өмірге шыңдалсын деп, не болмаса сабақ болсын деген ниетпен қиын сәттерді де береді екен. Сондықтан өз өмірлеріңдегі болған қуанышты сәттерді қанағат тұта біліңдер.

«Өміріңнің бақытты сәттері» жаттығуы

Мақсаты: Өткенді еске алғыза отырып, бойларындағы жағымды эмоцияларды сезіндіру, өздерін сергек сезінуге жағдай жасау.

Жүргізуші:

- Осы уақытқа дейін, яғни өткен шақта өздеріңді өте жақсы сезінген, не өздеріңді сол сәтте бақытты сезінген 2 не 3 сәтті есімізге түсіруге тырысып көрейікші.Бұл оқиға қандай оқиғалармен, не жағдайлармен байланысты екенін есіңе түсіріп, сол жағдай туралы қысқаша жазыңдар.

Талдау: 

-Осы оқиғаларды еске түсіру барысында қандай сезімге бөлендіңдер?

-Жағымды әсер алдыңдар ма?

Қорытынды: Жаттығу барысында бақытты сәттерінің символдары ретінде кілтті ұғымдар айқындалады.Оның бүгінгі күнгі іс-әрекет , көңіл-күйі қарым-қатынас барысында жағымды қалып қалыптастыруда үлкен маңызы бар

«Өз-өзіңе мақтау сөз» жаттығуы

Мақсаты: Өз-өзіне деген сенімділіктерін нығайту.

Нұсқау: Оқушыларға өз есімдерін жазбай, алдарындағы бетке «Мен» деп басталатын өз-өздерін мақтайтын сөздер жазу ұсынылады. Жазып болған соң оны умаждап, қорапқа салу ұсынылады. Қорапқа жиналған қағаздарды араластырып, әркім бір қағаздан алып, онда не жазылғанын оқып беру.

Талдау: Жаттығу ұнады ма?

«Сағат бойынша достар» жаттығуы

Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру, топ ішінде жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Нұсқау: Қазір әрқайсыларыңа жауап парақтары таратылады. Онда сағаттың суреті бейнеленген. Сендер осы әр сағат нөмірінің қасына сыныптастарыңның есімдерін жазып шығыңдар. 

Әр нөмірге жазылған оқушымен келесі нұсқауларды орындаңдар.

Күлімсіреңіз 

Қолын қысыңыз 

Арқасынан қағыңыз 

Комплимент айтыңыз 

Қол бұлғаңыз 

Көзіңізді қысыңыз 

Қол ұстасып 3 рет секіріңіз 

Бір тілек айтыңыз 

Послать воздушный поцелуй

Массаж жасаңыз 

Арқаларыңды сүйкеңдер.

Құшақтаңыз. 

«Ауа-райы» жаттығу

Мақсаты: Әрбір адамның жан дүниесінде болатын әртүрлі көңіл-күйлерге құрметпен қарауға дағдыландыру.

Жүргізуші: 

-Табиғаттағы ауа-райы өздерің білесіңдер, бірқалыпты емес, ол ылғи да құбылып тұрады. Мысалы, қазір ғана күн шығып тұрса, артынша бұлт , не жел сияқты құбылыстар болады. Сол сияқты адам баласының да әртүрлі жағдайларға байланысты көңіл-күйлері өзгеріп қалуы мүмкін.Жағдайға байланысты бойды кейде ашу, ыза, өкпе, реніш сияқты жағымсыз эмоциялар билеп алуы мүмкін.Бұндай жағдайда немесе сол сәтте адам өзімен- өзі болып қалғысы келеді, яғни оның мазасын ешкім алмағанын қалайды. Алдарыңдағы карточкаға осындай жағымсыз көңіл-күйдің бейнесін таңба, не шартты белгі, тіпті болмаса ұран сөзбен қалай бейнелер едіңдер?

Талдау:

-Кім өз ойымен бөліседі?

-Жаттығуды орындау оңай болды ма? 

-Жаттығуды орындауда не киындық туғызды?

Қорытынды: Өздерің сыныпқа келгенде жағымсыз көңіл күйде болғанда, осындай әдісті қолдануларыңа болады. Бұл әдіс жағымсыз эмоциялардың одан әрі ушығып кетпеуіне көмегін тигізеді. Ал көңіліміз жайланғанда оны түсіріп, не алып тастаймыз. 

«Үш тілек» жаттығу

Мақсаты: Болашаққа мақсат құра отырып, құнды ойын түйіндеп, талдау жасауға машықтандыру.

Жүргізуші:

-Балалар, сендер ғажайыптарға сенесіңдер ме? Кейде адамның ғажайып ойлары шындыққа ұласып, орындалады екен.

-Ертегі желісін бір сәт еске ала отырып, теңіз жағасына толқынмен ілескен көне бөтелке табылды деп ойлаңдар. Бөтелкенің тығыны нығыздалып жабылған екен. Бөтелкенің құндылығы сонда, сендер тығынын ашқанда ішінен шыққан сиқыршы сендердің үш тілектеріңді ғана орындай алатынын айтады.Тілектеріңді ойша талдап, ең негізгі үшеуін ғана іріктеңдер. Ескертетін жай тілектерің адамның қолынан келетін, мүмкіндігі бар болуы шарт. 

Талдау: Жаттығу барысы саған оңай болды ма, әлде қиындық туғызды ма?

Қорытынды: Тілектерің орындалатынына мен сенімдімін. Алға қойған мақсаттарыңа міндетті түрде жетесіңдер, ол үшін өздеріңнің тарапынан кішкене талпыныс қажет екенін ұмытпаңда.

]]>
   Өміріңнің бақытты сәттері

admin Wed, 16 Mar 2022 16:59:14 +0600