«Әдептілік қасиет-адалдықтың белгісі» » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматинская область
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Приемная
+7(72773) 99-1-64
Бухгалтерия
+7(72773) 99-1-64
Версия для
слабовидящих
» » «Әдептілік қасиет-адалдықтың белгісі»
26
январь
2022

«Әдептілік қасиет-адалдықтың белгісі»

image

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ
2021-2022 оқу жылы
Қараша айының 4-жұлдызында мектеп мәжілісінде рухани-адамгершілік тәрбие беру бағытын негізге ала отырып, І-аусым 9-10, ІІ-аусым 5-8 оқушылары арасынан ұйымдастырылған «Әдептілік қасиет-адалдықтың белгісі» атты адалдық сағатында атқарған жұмыстарына
Хабарлама

Адалдық сағатының мақсаты: Школьникам адалдық, шындық туралы түсінік
Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.

Міндеттері:
1. Школьникам дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.
2. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
3. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.

2. Ресурстар: Ұлы адамдардың даналық ойларын ауыз екі сөзбен айту, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, суреттер, видео проект арқылы жүйелі етіп, жеткізу.
Тәрбиелік сағатының түрі: дамытпалы саяхат сабақ.

Қатысқандар: Жас Ұлан ұйымы 120 оқушы.

Бұл тәрбиелік жұмыс барысында біз әдептілік, адалдық, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды барынша ортаға салдық. Бірінші сөзде АДАМ! Тақырыбы қозғалды. Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болатынын. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретедінін. Үлкен тыңдап өскен ұрпақ болашағымыздың жарқын айғағы деп білетіндігімізді Ұлы даланың данагөй көсемдерінің нақыл сөздерімен оқушы санасына барынша жеткіздік. Өткен шаққа үңіліп, бұрынғы отбасы институтының мықты қалыптасуы ол-басты құндылықтарды үлкендер бала бойына мықтап сіңіре білуі мен отбасында әке рөлі мен алатаудай ақсақалдардың бір әулетте қадыр-қасиетінің барында еді деп, бұл адалдық сағатындағы басты ұл-қыз бала тәрбиесіндегі тақырыпты ата-бабамыз өнеге етіп тарих бетіне алтын әріппен жазып кеткен шынайы мысалдар арқылы жеткізе білдік.
Бұл адалдық сағатындағы біздің оқушы тәрбиелеуде басты алдағы миссиямыз ол-елінің жанкешті, елжанды, мықты патриот азамат яғни тұлға болып қалыптасуы еді. Ондай адам бойындағы асыл қасиеттер - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Адамның адамгершілік, адалдық,саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.
image