Салауатты өмір-денсаулықты сақтау-спорт жұмыстары - Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп https://1-zhambyl.mektebi.kz/ ru Салауатты өмір-денсаулықты сақтау-спорт жұмыстары - Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп DataLife Engine «Темекі тартқаның-өзіңді құртқаның» https://1-zhambyl.mektebi.kz/oku-tarbielik-zhumys/salauatty-omir-densaulykty-saktau-sport-zhumystary/233-temek-tartany-zd-rtany.html https://1-zhambyl.mektebi.kz/oku-tarbielik-zhumys/salauatty-omir-densaulykty-saktau-sport-zhumystary/233-temek-tartany-zd-rtany.html «№1 Жамбыл атындағы орта мектебі»МКМ

«Темекі тартқаның-өзіңді құртқаның»

7-сынып

Жетекшісі: Рахымбай Тұрсынай

Тақырыбы: «Темекі тартқаның - өзіңді құртқаның»
 Мақсаты: Оқушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтыг сақтауға, темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп, ойларын ашық айтуға үйрету, шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
 Тәрбие сағатының түрі: Пікірлесу
 Көрнекілігі: Салауатты өмір салты туралы қанатты сөздер жазылған презентация, комп
ьютер слайды, темекінің зияндығы туралы жинақтар. т. б.
 Барысы: І. Ұйымдастыру
 а) Сынып тазалығы, оқушылардың тәрбие сағатына қатысуы
 б) Оқушылар ынтасын тәрбие сағатының тақырыбына аудару
 ІІ. Кіріспе бөлімі
 Егемендіктің тізгінін берік қолға алу үшін, ұрпақтың дені сау, рухани дүниесі бай, ғылым - біліммен жақсы қаруланған болуы шарт. Бүгінгі сабақта адам баласына өте қауіп төндіретін зиянды зат - темекі туралы салмақты ой қозғаймыз. Сонымен адам өмірге темекі тартушы болып келмейді екен, өсе келе жаман әдетке үйір болудан, өз ісіне мән бермеуден, темекі дәмін татып көріп, қалай темекіге тәуелді болғанын байқамай қалып, денсаулығынан айрылып жатады.
 Салауатты өмір салты деген не?
 1. Спортпен шұғылдану
 2. Күн тәртібін ұстау
 3. Жеке бас гигиенасын сақтау
 4. Жаман қылықтардан аулақ болу: Маскүнемдік, нашақорлық, шылым шегуден
 ІІІ. Негізгі бөлім
 1. Никотиннің зардаптары
 1 - оқушы:
 Бір данышпан темекі туралы сұрағанда «мен темекінің үш жақсы жағын білемін» депті:
 Біріншісі, темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді.
 Екіншіден, темекі шеккен адамды ит қаппайды.
 Үшіншіден, шылымқор жан мәңгі жас болып көрінеді.
 Мұны дәлелдеп беріңіз дегенде:
 ... Темекі тартқан адам түнімен күркілдеп жөтеліп шығады. Түнде келген ұрылар болса үйде ояу адам бар екен ойлап, кері қайтады. Көп жөтелген адамның белі бүгіліп, ерте таяқ ұстауға тура келеді. Таяқ ұстаған адамнан қабаған ит те жасқанады. Темекіні көп тартқан адам ерте қайтыс болады. Мәңгі жас болып өтеді дегенім осы,- деген екен.
 2 - оқушы: Елімізде мектеп жасындағы балаларға ішімдіктер мен темекі сатуға болмайтыны заң болғанымен, бұл тәртіптің сақтала бермейтіндігіне жасөспірімдердің темекі шегуінің өзі үлкен дәлел болмақ. Бұл жөнінде мамандар «заңды күшейту керек, немесе «балалардың темекіге үйір болуы оның бағасының арзандығында» деген сияқты пікір тудыруда.
 3 - оқушы: Осы бір зиянды әдет қайдан шыққан?
 Үндістер меңдуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танау арқылы ішке тартып соған мас болған. Олар оны «табако» деп атаған екен. 1560 жылы Француздың әйел патшасы Екатерина Медичиге басының сақинасы ұстағанда дәрі - дәрмек ретінде берілгенде баршаның қызығушылық құмарлығын тудырған. Әуелгіде емдік шөп ретінде қолданылған. Ресейге саудагерлер арқылы келген.
 4 - оқушы: Темекінің зияны туралы не білеміз?
 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша темекі тарту зардабынан жыл сайын 5 миллион адам қайтыс болады екен. 2027 жылы темекі зардабынан қайтыс болғандар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Соңғы уақытта темекі тартатындар арасында көмейдің қатерлі ісігі 6 - 10 есе, өңештің ісігі 2 - 6 есе жоғары. Бір түйір темекі тартқан адам 0, 4 - 3, 5 мг улы никотин қабылдайды да өз өмірін 15 минутқа қысқартады.
 5 - оқушы: Темекіден ауаға жылына 720 000 тонна күкірт қышқылы,
 384000тонна аммиак, 180000 тонна никотин, 660 000 тонна темекі майы, 550000 тоннадай иісті газ шығады. Темекі кез - келген ауруды ушықтырады, жүйке қызметін бұзады.
 6 - оқушы: Салмағы 1 мг темекіде 10 - 15 мг никотин болады. Темекі шоғының қызуы 300 градусқа жетеді. Оны сорғанда ауызда 60 градусқа дейін температура пайда болады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазанның шырышты қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді. Темекі шеккен адам темекі шекпеген адамнан 10 - 15 жыл аз өмір сүреді.
 Көрініс «Зиянды әдеттер планетасы»
 2. Темекімен күрес шаралары қалай жүргізілген?
 Темекінің зиянын ертерек білген елдер тыйуға әртүрлі шаралар қолданады.
 - Англияда темекі шеккендерді дарға асқан
 - 1680 жылы ХІІІ Людовик королъ темекіні еркін сатуға тыйым салып, тек дәрігердің қағазымен ғана дәріханалардан сатып алуға рұхсат берді.
 - 1692 жылы Сантъ - Ягода кешкілік ғибадатқа кірудің орнына шіркеу есігінің алдында шылым шеккені үшін бас монахты тірілей қабырғаға жабыстырып, бітеп тастаған.
 - І Петр темекі мен темекі бұйымдарына салық салу мемлекетке пайдалы деп шешкен.
 - Югаславияда 1987 жылдың 1 - қаңтарынан бастап жұмыс және қоғамдық орындарда оның ішінде мектепте темекі шегуге тыйым салу жөнінде бұйрық берілген. Оны бұзғандар 50 000 динар айып төлейді.
 - Швецияда 2000 жылдан бері жасөспірімдер шылым шегуді білмейді екен.
 - Сингапурда темекі шегуге тыйым салынған жерде шылыммен ұсталған адам 1000 долларға дейін айыппұл төлейді.
 - Қазақстанда кәмелетке толмағандарға темекі сатылмайды және мемлекеттік мекемелерде темекі сатылмасын деген заң бар.
 
 3. Оқушылар пікірлері
 1.- Балалар, қалай ойлайсыздар адамдар зиян екенін біле тұра неге темекі тартады?
 2. Қыз балалар арасында темекіге әуестікке ойларыңыз?
 ІУ. Қорытындылау
 Оқушылар пікірлерінің қорытындысы: Адам бұл өмірге қонақ, олай болса, бір ғана рет берілетін өмірді еңбек етіп, толық мәнді өмір сүру - бізге міндет.

]]>
«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі»МКМ

admin Fri, 15 Apr 2022 15:37:24 +0600
«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі»МКМ Біз есірткісіз өмірді қалаймыз. https://1-zhambyl.mektebi.kz/oku-tarbielik-zhumys/salauatty-omir-densaulykty-saktau-sport-zhumystary/234-1-zhambyl-atynday-orta-mektebmkm-bz-esrtksz-mrd-alajmyz.html https://1-zhambyl.mektebi.kz/oku-tarbielik-zhumys/salauatty-omir-densaulykty-saktau-sport-zhumystary/234-1-zhambyl-atynday-orta-mektebmkm-bz-esrtksz-mrd-alajmyz.html «№1 Жамбыл атындағы орта мектебі»МКМ

Біз есірткісіз өмірді қалаймыз.

Сыныбы: 6-сынып

Жетекшісі: Қашқынбаева Н. 

Біз-болашақ жастар салауатты өмір салтын ұстанып, деніміз сау болғанын қалаймыз. Ол үшін зиянды әдеттерден аулақ болуымыз керек. Зиянды әдеттерге: шылым шегу, ішімдік ішу, есірткі ұстау жатады. Осылардың ең қауіптісі-есірткі. Есірткі – ол адамның санасын өзгертетін, миына әсер ететін және әдетке әкелетін заттардың ең үлкен тобы. Есірткі адамның нерв жүйесін бұзып, мінез құлығын өзгертеді. Есірткі организімге әр-түрлі тәсілдермен енгізіледі, көктамырға енгізілетін есірткілер ерекше қауіптілік туғызады. Біз есірткі заттарын қолданылудың қауіптілігі туралы жиі айтамыз, бірақ кейде оның қауіптілігі неде екенін түсіне бермейміз. Бізге жанасудың өзі өлімге жеткізетін заттар кездесіп жатады, бірақ олар есірткі сияқты мәселе емес, себебі тәуелділік туғызбайды. Егер тәуелділік болмаса, нашақорлық та болмас еді.Тәуелділік-бұл бір нәрсеге құмар болу, залалды әдет. Тәуелділіктің 2 түрі болады: психологиялық және денелік. Ең қауіптісі- психологиялық тәуелділік. Психологиялық тәуелділік бұл есірткісіз өмірдің мәні болмайтынын көрсететін құбылыс. Есірткі өмірдің мәніне айналады. Жасөспірімнің мінез-құлқы өзгереді, ашушандық пайда болады.

Дене тәуелділігі-денелік сезінудің бұзылуынан, есірткі организімінің алмасу үрдісінің бөлшегіне айналғанда болатын жағдай. Есірткісіз организм қалыпты жұмыс істей алмайды. Дене тәуелділігі ауру өте шегіне жеткенін көрсетеді. Есірткіні қабылдауды кенеттен тоқтату «ломкаға», буындардың, еттердің ауруына, жүрек–тамыр жүйесінің және басқа ағзалардың бұзылуына жеткізеді. Дене тәуелділігі кезеңі «керең» кезеңге ұласады. «Керең» деп аталатын себебі осы кезеңде нашақор: Есірткіні қабылдаумен байланысты қауіптілер (АТҚТ, гепатит жұқтыру, артық қолданудан келетін өлім) туралы ақпараттарды естімейді. Есірткілерді қолданудың алғашқы белгілері туралы ақпарат:

  • Мектептегі сабақтарға бармау, оқу үлгерімінің төмендеуі,
  • Үйден бағалы заттар мен ақшаның жоғалуы,
  • Себепсіз кенеттен баланың көңіл-күйінің ауытқулары,
  • Ұйқысының бұзылуы (мүлдем ұйықтамау немесе тым ұзақтау)
  • Тәбетінің бұзылуы (тәбеттің болмауы немесе үйге оралған соң, оның кенет көтерілуі, шамадан артық шөлдеу)
  • Сөйлеу мәнерінің өзгеруі («шұбатылған» баяу сөз)

Жасөспірімдер әртүрлі себептер мен есірткі қолдануды бастайды. Бұл әсіресе би кештерінде, түнгі клубтарда жиналатын жасөспірімдер топтарына тән қызық көрушілік, еліктеушілік болуы мүмкін.

Бүгінгі күні, көптеген зерттеушілер, есірткіні өздерінің еркіндігі, самбмәдениетінің бөлігі деп есептейтін жастардың көбейе түскенін, бірақ олар «еркіндіктің» есірткіге тәуелділікпен алмасатынын ұмытқандықтарын атап көрсетеді. Жастар ортасында есірткі тұтыну белсенді түрде сәнге айнала бастады, жасөспірімдер арасында «жеңіл» есірткілер танымал. Наркомафияның қоғамның енжарлығы аясындағы шектен тыс белсенді іс-әрекеті жағдайдың одан әрі ушығуын болжауға әкеледі.

Заңсыз сақтағаны, дайындағаны және таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады!

admin Thu, 14 Apr 2022 15:38:57 +0600
Ашық тәрбие сағаты «Салауатты өмір салты» https://1-zhambyl.mektebi.kz/oku-tarbielik-zhumys/salauatty-omir-densaulykty-saktau-sport-zhumystary/232-ashy-trbie-saaty-salauatty-mr-salty.html https://1-zhambyl.mektebi.kz/oku-tarbielik-zhumys/salauatty-omir-densaulykty-saktau-sport-zhumystary/232-ashy-trbie-saaty-salauatty-mr-salty.html «№1 Жамбыл атындағы орта мектебі»МКМ

Ашық тәрбие сағаты 
 «Салауатты өмір салты» 
 
Дайындаған: Сатова М.

Бастауыш сынып мұғалімі

Білімділік мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру 
 Дамытушылық мақсаты: «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру. 
 Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу. 
 Сабақтың көрнекілігі: оқушылардың газеттері, түрлі түсті қағаздар, жіп және т.б.

Сабақ түрі: Ашық тәрбие сағаты.

Сабақ әдәсі: Интерактивті,баяндау,сұрақтар арқылы.
 Сабақтың мақсаты
 1. оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену; 
 2. ой - өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту; 
 3. адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу. 
 Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз. 
 Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» - деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан. 
 Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен.

-Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ боп сайысып, ортаға саламыз. 

1. Топ оқушыларын екі топқа бөлу. (Түрлі –түсті қағаз арқылы )
 1- топ «Денсаулық» 
 2- топ «Салауат»

 Ұраны: «Денсаулық –зор байлық». 
 Ұраны: «Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі» 
 2. Әділ қазылар алқасын сайлау, сайыс шартын таныстыру: 
 Бүгінгі сайысымыздың негізгі кезеңімен таныстырып өтейін:

І -«Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою. 
 ІІ- Мақал-мәтелдер жарысы. ІІІ -Әр топ өздері шығарған газеттерін қорғайды. 

IV-тапсырма: Шығармашылық тапсырма: тақпақ құру .

V- Мимикалық ойын (Кракодил)

VI -Сұрақ-жауап:

І-тапсырма бойынша:

«Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою. (2-минут)

топ: 1. Д...... і (дәрі) 
 2. в...та...н (витамин) 
 3. ....ны.....у (шынығу) 
 4. с....ау......т (салауат) 
 
 2- топ: 1. Г...и...на (гигиена) 
 2.ту...ку....ез (туберкулез) 
 3. тұ......у (тұмау) 
 4. д... ау.... қ (денсаулық) 

Күннің шуағы деп аталатын қысқаша ойын түрінде яғни бір оқушы шығып кун болады қалғаны сол күннің жақсы шуағын жылуын келтіретін тақырыпқа сай қағаздарды алып іледі немесе тұрады.

ІІ-тапсырма «Тәрбие көзі – халықта». Екі топ денсаулық, ауру туралы мақал – мәтел ауызша. Кезекпен .5 мақал-мәтел.

ДЕНСАУЛЫҚ, АС-ДӘМ, СЕРГЕКТІК ТАЗАЛЫҚ ТУРАЛЫ

1.Денсаулық зор байлық.

2.Тазалық — саулық негізі.

3.Бірінші байлық — денсаулық,

Екінші байлық — ақ жаулық,

Үшінші байлық — он саулық

4.Аурудың алдын ал.

5.Демі бардың емі бар.

6.Көзің ауырса, қолынды тый,

Ішің ауырса, тамағың тый.

7.Көкірек ауру күле кетер.

8.Ауру аздырады,

Суық тондырады.

9.Ауру кісі күлкі сүймес,

Ауыр жүкті жылқы сүймес.

10.Ауру батпандап кіріп,

Мысқалдап шығады.

Мақал мәтелдің жалғасын тап:

1.Дауды елемеген төлейді,

Ауруды елемеген өледі.

2.Іздеп алған аурудың емі табылмас.

3.Жасыңда салақ болсаң,

Бара-бара былық боларсың.

4.Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде.

5.Ауру желмен келіп, термен шығады.

6.Сырқат - тән жарасы,

Қайғы - жан жарасы.

7,Тер шықпаған кісіден, дерт шықпайды.

8.Аурудың жақсысы жоқ,

Дәрінің тәттісі жоқ.

9.Демі бардың емі бар.

ІІІ -тапсырма

  1. топ: Денсаулықты нығайту жолдары. (спорт,шынығу,таза ауада серуендеу жақсы тамақтану т.б.)
  2. 2- топ: Денсаулыққа зиянды әдеттер. (Темекі,нашақор,арақ, және т.б.)

IV-тапсырма
 Шығармашылық тапсырма: тақпақ құру .(5 мин)
 1- топ: 
 ................................................баламыз, 
 .................................................аламыз. 
 ..................................................... 
 .................................................санамыз. 
 2-топ: 
 ................................................күлеміз, 
 .................................................жүреміз, 
 ....................................................... 
 ...................................................сүреміз. 

V Мимикалық ойын:

  1. Темекі зиян екенін көрсету.
  2. Арақ,есірткі шеккен адам. Бейнесін көрсету.
  3. Таңғы жаттығулар немесе спортпен айналысу.
  4. Таза ауада серуендеу.

VI Сұрақ-жауап:

I топ - Сенің бірге өскен досың кішкентайынан темекі шегеді. Бірақ сен оны білмейсің. Бір күні темекі шегіп тұрғанын көрдің. Сен не істейсің? Достығың жалғаса ма?
 II топ - Сенің досың жұқпалы ауруға шалдықты. Не істейсің? Достығыңыз жалғаса ма?
 Ортақ сұрақ қою: Сенің жан досың бар. Бірақ оның араласатын достары есіркі,арақ,темекі шегетін ортамен араласады, сенің ойын қандай және сен ол досыңмен ара қарай араласасыңба әлде сен оған кеңес бересіңбе.

Ойларыңа рахмет балалар. Дұрыс шешімдер қабылдап шықтыңдар деп ойлаймын.
 Бекіту: Тренинг «Өрмекшінің торы...» 
 Тренинг «Денің сау болсын десең...» 
 Бір оқушы «Денің сау болсын десең...» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды. 
 VII Қорытынды:
 Әділқазылар екі топтың ұпайын есептеп, алғыс хат табыстайды.

admin Thu, 14 Apr 2022 15:36:00 +0600