05-13 қазан Рухани-адамгершілік тәрбие беру бағытын негізге ала отырып ұйымдастырылған Ұстаздар мерекесіне орай, «Ұстаз мектептің жүрегі» атты апталық » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Almaty region
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Reception room :
+7(72773) 99-1-64
bookkeeping:
+7(72773) 99-1-64
Version for
visually impaired
» » 05-13 қазан Рухани-адамгершілік тәрбие беру бағытын негізге ала отырып ұйымдастырылған Ұстаздар мерекесіне орай, «Ұстаз мектептің жүрегі» атты апталық
25
November
2021

05-13 қазан Рухани-адамгершілік тәрбие беру бағытын негізге ала отырып ұйымдастырылған Ұстаздар мерекесіне орай, «Ұстаз мектептің жүрегі» атты апталық

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ
2021-2022 оқу жылы

05-13 қазан Рухани-адамгершілік тәрбие беру бағытын негізге ала отырып ұйымдастырылған Ұстаздар мерекесіне орай, «Ұстаз мектептің жүрегі» атты апталықта атқарған жұмыстарына
Хабарлама.
Мақсаты: Ұстаздың әрі маман, әрі оқушыға дос, жанашыр, ақылшы екендігі туралы түсінік беру. Ұстазбен өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту. Ұстаздың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу және «сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу мен «білім», «еңбек» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

01 қазан мектепішілік лездемеде алда кележатқан Жалпы Республикалық Ұстаздар мерекесіне байланысты апталық іс-шаралар жоспары құрылып, жауапты маманндар, жетекшілер мен жас мамандарға таныстырылып, бекітілді. Оның сыртында Ұстаздарға құрмет ретінде бір күндік «Өзін-өзі басқару» күнінің кешенді жоспары аясында 9-11 оқушыларынан сынып жетекшілер, пән мұғалімдері, әкімшілік мүшелері тағайындалып, жұмыс барысымен таныс болды. 11-сынып арасынан мектеп директоры, әкімшілік мүшелері тағайындалды. 10-сыныптар 5-8 сыныптарға пән мұғалімі мен жетекшілік орынға тағайындалды. Ал 9-сыныптар 1-4 бастауыш пән мұғалімі мен жетекшілік орынға тағайындалды.
Апталық іс-шара жоспарында бекітілген жұмыстар:
Безендіру жұмыстары: І қабат фойе алдына кең көлемді тақырып атауын ілу, мұғалімдер бөлмесі, мектеп алды саптық алаңын безендіру; шарлар, гүлдер, флажоктар, ленталар, «әліппе» «букварь» мүсінін жасау, билбордтар т,б. жұмыстарын мектеп жас мамандары және 11-сынып оқушылары мен жетекшілері бірлесе отырып, мереке қарсаңында атқарған жұмыстары көңіл толып, көз қуантатындай, жаңа аяқ басқалы тұрған балғын бүлдіршіндерге шаттық пен шапағат сыйлай білді.
image image А йтулы іс-шараның ашылуы:
Үш сынып бірігіп ұстаздарға арналған қабырға гезетін ілу, 11-сынып оқушылары бірлескен айтулы мерекеге арнап, Ұлағатты Ұстаздарға арналған нақыл сөздер мен жалынды тілектерге толы тілек газеттерін фойе алдына ілді. Мектеп мұғалімдер бөлмесіне 11-сыныптың ұйымдастыруымен ұстаздар құрметіне ақпараттық тақта жасалды. Informationтық тақтада мұғалімдердің жетістіктері мен жұмыс барысындағы суреттер мен құттықтау қоржыны ілінді.11-сынып оқушылары мен жетекшілері музыка ырғағымен ұстаздарды Фойе алдынан қошеметпен қарсы алып, әр сыныптан ізгі тілек, құттықтау сөздер жолданды. «Ұстаздарға құттықтау хат» табысталып, мерекелік тосын сый жасалды. Барша ұстаздарды мұғалімдер бөлмесінде қарсы алып, аяулы ұстаздар алаңға шақырырылып, ұстаз туралы жақсы әуенде әдемі өлеңдер мен шынайы тілектер арқылы оқушылар барша ұстаздарға көтеріңкі көңіл кhouseсыйлай білді.
image
image «Ұстазым – ұлы тұлға» тақырыбында Ұстаздарға арнап, сынып атынан бір қабырға газетін шығару болатын. 9 «а» Мусаева А, 9 «ә» Момынкулова Л, 9 «б» Войцеховская З, 10 «а» Сауранбаева А, 10 «ә» Нәдирбекова Э, 10 «б» сынды жетекшілердің нұсқауымен мектеп ІІІ-қабатына әр сынып атынан қабырға газеті шығарылып ілінді. image «Ұстаз-ұлы есім» атты тақырыбында ұстаз туралы эссе жазу. Бұл жұмыстар 7-8 сыныптар аралығында өрбіді. Ұстаз туралы ойын жеткізе білген оқушы жұмысы мектеп әлеуметтік Instagram, FacebooK парақшаларына жарияланды. Айтулы мерекеге оқушылар арасынан мағыналы бейнежазбалар, алғы сөздер жолданып, мектебіміздің барша ұстаздарын бір қуантып тастады.