30
January
2020
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың биыл 108 жылдығы
12-қаңтар Димаш атамыздың туған күні. Ұлы данышпан Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың биыл 108 жылдығы. Осыған орай мектебімізде исі қазаққа мәлім жанашыр атанған атамыздың құрметіне "Қонаев ғасыр адамы" атты 13-17.01.2020 апта аралығын қамтыған іс-шара жоспарланып, 1-11 сынып оқушыларына кең көлемде насихатталып, атамызға деген құрмет барынша көрсетіліп, бұл апталық өз дәрежесінде атқарылып өтті. Мақсаты: Қазақтың нағыз жанашыры, бір туар данышпан, Ұлы тұлға, аса көрнекті мемілекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социялистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы түсініктерін кеңейту, ел үшін еңбек етуге, халқына адал болуға, Ұлы тұлғаның ерліктері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу болатын.